Полицейлер жарнама сайты арқылы ер адамды алдаған Алматы облысының тұрғынын анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол жарнама сайттарының бірінен ауа салқындатқыш аппаратын (кондиционер) сату туралы хабарландыруға сеніп, алданып қалған. Яғни хабарландыруда көрсетілген нөмермен байланысып, 3 дана қолданылған, 3 жаңа ауа салқындатқыш аппаратын алатын болып келіскен. Тауардың ақшасын алдын ала салған.

Алайда қаражатты алған жарнама беруші із-түссіз, байланыссыз жоқ болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 800 000 теңгеден асады.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Бұл қылмысты тез арада ашуға Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері мен түркістандық полицейлер жұмылдырылды. Жедел уәкілдер оқиғаның толық мән-жайы мен тұрғынды алдап кеткен адамды анықтау мақсатында, шұғыл шараларды іске асырды. Жәбірленуші ақша аударған есепшоттарды түгел тексеріп, тиісті куәлардан жауап алды.
Нәтижесінде жалған жарнама беруші Алматы облысының тұрғыны, бұрын сотталған жас жігіт болып шықты. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері ескертеді: бүгінде алаяқтар түрлі сылтаулармен, оның ішінде төмен бағада тауар сатып алу, сату, арзан бағамен пәтер сатып алу, қызмет көрсету секілді жарнамалар арқылы алдап түсіруде. Сондықтан кез келген тауарды алу үшін алдын ала төлем жасамаңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...