Полицейлер жанындағы жолаушының телефонын жымқырған тұрғынды анықтады

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, такси көлігінде оның «Samsung А21S» ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 80000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғынның арызы негізінде бірден іске кірісті. Куәлардан сұрастырды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы бір тәулікте сезіктінің жеке басы анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушімен бір көлікке отырып, оның телефонын байқатпай қолды еткен. Сезікті ер адам бөтеннің мүлкін өзі пайдаланып жүргені, сатып үлгермегені анықталды.

Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұялы телефонды тәркіленіп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...