12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер бір апта ішінде «Трамадолды» заңсыз сақтаудың 6 дерегін анықтады

ҚР Үкіметі «ҚР-да бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін бекіту туралы» №470 қаулысына өзгеріс енгізілді. Бұл өзгеріс психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген «Трамадол», «Кетамин», «Этизолам» күшті дәрілік заттарына әсер етті. Нақтырақ айтсақ, жаңа өзгеріс 2023 жылдың 7 сәуірінен бастап күшіне енді.
Мәселен, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тиісті өзгеріс енгізілгеннен кейінгі бір аптада «Трамадол» психотроптық препаратын заңсыз сақтаудың 6 дерегін анықтады. Оның ішінде 4 жайт Сарыағаш ауданында анықталса, Түркістан қаласы мен Шардара ауданында 1 жайттан тіркелді.
Қазіргі уақытта осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерден «Трамадол» препаратының 30-дан астам таблеткасы тәркіленді.
Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаментінде, полиция полковнигі ПД бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың төрағалығымен прокуратура, фармацевтикалық және медициналық ұйымдар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, тергеу басқармасы, сондай-ақ Түркістан облысы ПД қалалық және аудандық полиция бөлімдері өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.
Кездесу барысында психотроптық препараттарды заңсыз өткізудің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ психотроптық заттармен байланысты құқық бұзушылықтарды тіркеу, тергеу тәртібі талқыланды. Жиналыс соңында қатысушылар психотроптық заттарды, оның ішінде «Трамадолды» заңсыз сату фактілерінің жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыру жөнінде пікір алмасып, бірқатар ұсыныстар айтты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

В Алматы в комьюнити-центрах проходят диалоговые площадки для молодежи

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики города во...

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың...

В Алматы завершился сезон кинопоказов под открытым небом

В Алматы при поддержке Управления молодежной политики волонтеры в...

Алматыда ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өз мәресіне жетті

          Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала волонтерлері жаз...

Ұлттық ұланда жаңа техника: Сарбаздар көлікпен күзгі вальс орындады

Құқықтық тәртіп әскерінің автопаркі жаңа көліктермен толықты. Су жаңа...