Полицейлер ауыл тұрғындарынан марихуана тәркіледі

Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында атқарылған жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында, есірткі құралдарын сақтаудың кезекті деректерін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Шорнақ ауылы маңында учаскелік полиция инспекторлары күмән тудырған жолаушыны байқап, тоқтатты. Тексеру кезінде жергілікті тұрғыннан есірткіге ұқсас өсімдік тектес зат табылды. Алынған дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысы оның жалпы салмағы 7 грамнан асатын «марихуана» есірткісі екенін растады.

Арадан бір апта уақыт өткенде полицейлерге ауыл тұрғынының бірі есірткі затын сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Хабарлама бойынша іске кіріскен полицейлер бірден сезіктінің жеке басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Содан тәртіп сақшылары оның үйіне тінту жүргізіп, есірткіні қолдануға арналған құрал мен есірткі заты бар екі ораманы тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған есірткі шамамен 1 грамм болатын «марихуана» болып шықты. Күдікті бұрын сотталған, Сауран ауданының тұрғыны.

Аталған екі дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...