Полицейлер аккумулятор мен таразы ұрлаған күдіктіні ұстады

 Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі аккумулятор ұрлығы бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу оның "Фольцваген Пассат" маркалы көлігінен аккумуляторын жымқырып, мүліктік зиян келтірген. 

Оқиға орнына дереу шыққан жедел-тергеу тобы ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті ретінде бұрын сотталған, Сарыағаш қаласының тұрғынын ұстады.
Тексеру кезінде жас жігіттің тағы бір ұрлыққа қатыстылығы анықталды. Ол темір қабылдайтын ғимарат есігінің құлпын бұзу арқылы ондағы электронды таразы мен қолына түскен түрлі темір-терсектерді ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгеден асты.
Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық жағдайлар мен ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...