Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №1 Казталов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар жағынан қайта қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2023 жылдың мамыр айының 15 мен 25 күндері аралығында «Подучетник» атты республикалық профилактикалық іс – шарасы өтуде. №1 Казталов аудандық пробация қызметінің инспекторлары және Казталов аудандық Пб ЖПҚб учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары жұмыс орындары бойынша тексерілді. Сонымен қатар сотталғанның мінез құлқына ықпал ете алатын жақын-туысқандарынан түсініктеме алынды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында жүргізіліп отыр. Бүгінде бұл іс-шараның жүргізілуіне Казталов аудандық ішкі істер бөлімінен учаскелік полиция қызметкерлері және №1 Казталов аудандық пробация қызметінің инспекторлары бірігіп, сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы іс-шара есептегі азаматтарды дұрыс жолға салып, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруда оң ықпалы болады деген сенімдеміз.
№1 Казталов аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы
әділет капитаны С.К. Байдуллин


