«Подучетник» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

ҚР ІІМ — нің нұсқауына сәйкес БҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N2 Ақжайық аудандық пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын-алу мақсатында 2023 жылдың 15-25 мамырдағы «Подучетник» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Профилактикалық шара аясында N2 Ақжайық аудандық пробация қызметімен Тайпақ полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша бірлескен тексерістер жүргізілуде.

Өткізілген іс-шаралар барысында аталған тұлғалар арасында жазасын бас тарту немесе басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда пробация қызметі сот органдарына сотталған тұлғаларға қатысты жазасын өтеудегі сынақ мерзімін ұзарту немесе қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру жайлы ұсыныстар енгізеді.

Ақжайық аудандық сотына шартты түрде сотталған «Н» азаматқа қатысты шартты соттаудың күшін жою туралы ұсыныс жолданды. Есепте тұрған екі сотталған соттың жүктеген міндетін бұзғаны анықталады. Ал бір сотталғанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды.

Осы өткізіліп жатқан іс-шараның басты мақсаты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және олардың алдын алу және сотталғандарды оң жолға бағыттау.

N2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Ә.Ә.Кеңес

«Ізгі істер жылуы»: мекеме қызметкерлері оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...