1996 жылдан бері Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде 27 жыл бойы атап өтілуде. Бұл мереке әр түрлі мәдени орталықтардың қатысуымен ән шырқап, би билеп, түрлі ойындарды ойнап, қонақтарды қазақ халқы мен басқа да этностардың дәстүрлерімен таныстыру арқылы тойланады.
1 мамыр қарсаңында № 50 мекеменің психологиялық қызметі «Бірлік түбі береке» іс-шарасын ұйымдастырды, оның барысында сотталғандар ән, өздері жазған өлеңдерін айтып, түрлі сахналық қойылымдарын көрсетті.
Тәрбие жұмысы бөлімімен Петропавл қаласының мәдениет үйінің әртістерін шақырумен мерекелік концерт өткізілді. Әйелдер көптеген жағымды эмоциялар алғанын атап өтіп, дайындалған нөмірлері үшін әртістерге алғыстарын білдірді.
Сотталғандар да шетте қалмай, әртүрлі халықтардың әндерін, билері мен әдет-ғұрыптарын көрсете отырып, концерттік нөмірлері бар өздерінің мерекелік бағдарламаларын дайындады.
«Бүгін біз «Қазақстан халқының бірлігі күніне» орайластырылған іс-шара өткіздік. Мерекеге мұқият және үлкен қуанышпен дайындалдық. Өз қолдарымызбен костюмдер тігіп, әндер мен өлеңдерді жаттадық. Біздің арамызда әртүрлі халықтардың өкілдері болғандықтан, дайындық барысында әрқайсымыз ата — бабаларымыздың салт-дәстүрлерімен бөлістік», — деді қатысушылардың бірі.
Өткізілген іс-шара бірінші кезекте адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге және қалыптастыруға, басқа мәдениеттерді құрметтеуге, сондай-ақ эстетикалық тәрбиені дамытуға бағытталған.


