Петропавл әйелдер колониясында Ораза Айт мерекесіне арналған іс-шара өткізілді

Алғаш рет №50 мекемеде теолог-маман сотталғандармен бірлесіп «Ораза айт» мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға қонақтар ретінде Қызылжар қалалық мешітінің бас имамы Қ.Исаев, мұғалім Хафиз М.Мирзаев және №48 және №50 мекемелерінің теолог-мамандары шақырылды. Бас имам Қ.Исаев мекеме кітапханасына «Ихсан» кітабын, сондай-ақ «Мұнара» газетін сыйға тартты. Мұғалім Хафиз М.Мирзаевтың атынан сотталғандарға тәттілер мен жемістер табысталды.  Барлық шақырылған қонақтар сотталғандарға құттықтау сөз сөйлеп, шыдамдылық, туысқандарымен аман есен қауышуын тіледі және мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің құрметіне ұйымдастырылған іс-шараға шақыру үшін алғыстарын білдірді.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...