Алғаш рет №50 мекемеде теолог-маман сотталғандармен бірлесіп «Ораза айт» мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға қонақтар ретінде Қызылжар қалалық мешітінің бас имамы Қ.Исаев, мұғалім Хафиз М.Мирзаев және №48 және №50 мекемелерінің теолог-мамандары шақырылды. Бас имам Қ.Исаев мекеме кітапханасына «Ихсан» кітабын, сондай-ақ «Мұнара» газетін сыйға тартты. Мұғалім Хафиз М.Мирзаевтың атынан сотталғандарға тәттілер мен жемістер табысталды. Барлық шақырылған қонақтар сотталғандарға құттықтау сөз сөйлеп, шыдамдылық, туысқандарымен аман есен қауышуын тіледі және мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің құрметіне ұйымдастырылған іс-шараға шақыру үшін алғыстарын білдірді.


