Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жекеқұрамды елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты 68 мемлекеттік мекемесінің жекеққұрамы мереке күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада рәміздер алаңына барып,сап түзеп, ел әнұранын орындады.

Соның әсеріне болар елжанды ұланның бірі, мекеме кинологы,әділет кіші сержанты Оспанов Дінмұхамет Абибуллаұлы ерекше тебіреніп , салтанатты саптық жиынан жігерленіп шығып , лебізін білдіріп, бір шумақ өлеңін арнады. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Сондықтанда мен елімнің патриот азаматы ретінде ұлттық нышандарымызды құрметтеуді өзімнің азаматтық борышым деп санаймын. Балабақша,мектепте ,енді міне ,жұмыс орнымдағы әр мерекелік іс-шараларда әнұран орындалып,мемлекеттік рәміздер құрметтелгенде шыны керек бір ерекше сезімге бөленемін. Бойыма ата-бабаларымыздың рухы еніп,бейне бір батыр болып кеткендей боламын.

Оқушы кезімде кейде үйдеде әнұран айтып жүретінмін.Әнұран менің бойыма қуат береді.

Тәуелсіздікті нығайту жолында тынбай еңбек етуіме талпындырады.

Шырқалғанда әнұраным
Бойға қуат тарайды

Көк туымыз желбіреп самал желмен

Толқынданып шуаққа бөлер маңайды

Елтаңбаның бес жұлдызы жарқырап,

Бесқұрлыққа тарайды

Рәміздерді құрмет тұтам,қадірлейм

Тәуелсіз ел таңыменен арайлы

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...