Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыстары жүргізілуде

«Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» қолдауымен «Jastar» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жазғы еңбек маусымының жұмыс барысы қызу жүруде.

Негізгі мақсаты — «Жасыл ел» жобасының негізгі міндеті жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандырумен айналыса отырып, жас ұрпақ отбасылық бюджетті толықтыруға мүмкіндік алып қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын игереді, өз бойында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады. Шараға жастар, сарбаздар қатысты. Іс-шараға жалпы саны 60 адам қатысты.  

Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Экологиялық келелі мәселелер адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық қарқынды даму кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Биосфераны қорғау мен сақтап қалу басты мәселе болып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Табиғатты басты парызымыз екенін естен шығармайық.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...