12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

НЕСИЕ КҮЛІП КІРІП, КҮҢІРЕНТІП ШЫҒАДЫ

Халықтың 84 пайызы несие қамытын киіпті. Бұл дегеніміз – 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар деген сөз. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі шамамен 1,4 трлн. теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді. Мемлекет бұл ретте қиын жағдайға тап болған азаматтарға барынша көмек қолын созуда. Президент 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз кредитін кешіру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң да өз тиімділігін көрсетті. Бірақ жағдайды түбегейлі шешу үшін әлі де кешенді шаралар қажет.

Жақында Парламент Мәжілісінің депутаттары тиісті құзырлы орын өкілдерін шақырып, арнайы тыңдау өткізіп, мәселені жан-жақты талқылады. Жиында сөз алғандар қалыптасқан жағдайға байланысты өз түсінігі, пайымы деңгейінде баға беріп, ұсыныс қосты. Олардың қай-қайсысы да шындықтан алыс емес. Мәселен, алдымен сөз алған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов халықтың несие құрығына түсуіне белгілі деңгейде қаржы ұйымдары ықпал етіп жатқанына назар аудартты. Олар жарнамаларымен қызықтырып, несиені алу жолдарын жеңіл әрі қолжетімді етіп қойған. Бүгінде онлайн несиені тіпті 14-16 жастағы балалар рәсімдей алады. Тек смартфон мен интернетің болса жеткілікті. Бұл жаста адамның қаржылық жауапкершілікті арқалуы мүмкін еместігі қаржы ұйымдарын ойландырмайды да. Оларға несие берсе болғаны. Өйткені, қарызды төлейтін – әлгі балалардың ата-анасы. Еш ойланбастан тіпті бірнеше несиені қатар алатындар көбейіп барады. Жиырма несиесі барлар да табылыпты. Олардың көбі мұндай қадамға алдыңғы несиесін алу үшін барады. Осыны көріп тұрып, банктер қалай несие береді? Мұның сыртында тәжірибе адамдардың банк шарттарын түсінбейтінін көрсетіп отыр. Алған ақшасын бірнеше еселеп төлейтінін түсінбей, несие рәсімдей береді. Осы ойланбай жасалған қадамның соңы маскүнемдікке салыну, шаңырақтың шайқалуы, өзіне қол салу секілді келеңсіз жағдайларға әкеліп жатыр. Адамдар қаржы алаяқтығынан шығу үшін қаржы пирамидасының да құрбандарына айналып жатыр. Осыны айтқан Қошанов мырза халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап көрсетті. «AMANAT» партиясы бастаған, бүгінде өз тиімділігін көрсетіп отырған «Қарызсыз қоғам» жобасын жалыпыхалықтық бағдарламаға айналдыру керектігін мәлімдеді. Мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу үшін заң арқылы несие беру талаптарын күшейту, оның ішінде, әсіресе, төлем қабілеті төмен жандарға несие берілмеу тетігін жасау қажеттігіне назар аудартты. Сыйақыны төмендету, өтелген несиені коллекторлық ұйымдарға сатуға тыйым салуды да заңнамалық тұрғыда негіздеу керектігін атап көрсетті. Жиында сөз алған Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха халықтың несиеге батуына қатысты екі факторға назар аудартты. Біріншісі – киберқылмыстың, әсіресе, интернет-алаяқтықтың артуы, екіншісі – өз-өзіне қол жұмсау, сондай-ақ азаматтардың кредиттер мен қарыздар бойынша төлем жасай алмауынан жасалған қылмыстары.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде әлемде кең таралған банктік саласындағы интернет-алаяқтықтың Қазақстанда тіркелуі соңғы 5 жылда айтарлықтай өсіпті. Тек биылдың өзінде 13 700-ден астам интернеталаяқтық тіркеліп, соның салдарынан 13,5 мыңнан астам азамат зардап шекті. Олар бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер және басқалар. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын – 11 млрд 355 млн. Онлайн-кредиттер мен қарыздарды ресімдеу, азаматтардың банктік жинақтарын ұрлау секілді барлық интернет-алаяқтықтарды шетелден келген қылмыскерлер жасайды. Әлеуметтік портрет бойынша, бұл санатқа психологиялық тұрғыдан арнайы дайындалған, 20-дан 45 жасқа дейінгі, орыс тілін еркін меңгерген, шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамына кіретін, «Call-орталықтар» қағидаты бойынша жұмыс істейтін, жақын және алыс шетелдерде тұрақты орналасқан ерлер мен әйелдер кіреді. Қылмыскерлер алдаудың ең көп таралған төрт әдісін қолданады. Олар тауарлар мен қызметтерді сату туралы онлайн жарнамалар беру, азаматтарға телефон соғып, өздерін банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырып, әртүрлі жағдайларға қызықтыру, әртүрлі инвестициялық жобаларға ақшаны тиімді салдыру және әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың фишингтік сайттарын жасау арқылы пайдаланушылардың құпия ақпаратын алады. ІІМ бірнеше жылдан бері интернеттегі алаяқтыққа байланысты проблемалық мәселелерге баршаның назарын аударып келеді. Ұзақ уақыт бойы полиция бұл мәселемен жалғыз күресіп келеді деп айтуға болады. Мәселенің географиялық және техникалық күрделілігі, сондай-ақ азаматтардың саналы жауапкершілігінің төмен деңгейі туралы көбі ойланбады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында интернет пен телефон алаяқтықтарына қарсы күресті күшейтуді тапсырғаннан кейін құзыретті мемлекеттік органдардың жауапкершілік шеңбері кеңейтіліп, алдын алу мәселелері басымдыққа ие болды. Осының арқасында 2022 жылғы қараша айында Цифрлық даму министрлігімен және ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, алаяқтар пайдаланатын жалған нөмірлерден келетін «шетелдік» қоңырауларды бұғаттау тетігі әзірленіп, іске қосылды. Киберқылмыстың заманауи сын-қатерлеріне қарсы тұру үшін ағымдағы жылдың шілде айынан бастап барлық өңірлерде «CyberPol» мамандандырылған жедел тергеу топтары құрылды. Алайда кейіннен ұрланған ақшаны алу үшін пайдаланатын төлем карточкаларын немесе оларды ресімдеу үшін сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғаларға қасақана бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің болмауына байланысты көптеген «дроперлер» заң саласында жазасыз қалып отыр. Бұл жағдайды түзету үшін бүгінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасына қажетті түзетулердің жобасы қаралып жатыр екен. Яғни, Қылмыстық кодекстің 205-бабына банктік және өзге де қаржы жүйелеріне қолжетімділік бере отырып, жеке деректерді қасақана бергені үшін жауапкершілікті көздейтін толықтырулар енгізіледі. Несиеге батудың бірқатар себептері мен салдарларын депутаттар да ашып көрсетіп, нақты ұсыныстарын айтты. Осы орайда Мәжілістегі Республика партиясының фракция мүшелері халықтың несие алу шарттарының тек банк, қаржы ұйымдарына тиімді болып отырғанын орынды атап өтті. Өйткені екінші деңгейдегі банктер несиені мөлшерлемесі 20-58 пайызға дейін, микроқаржы ұйымдары 1000 пайызға дейін беріп бір пайда тапса, 2023 жылы 12,7 трлн. теңгеге транзакция жасап, әр аударымға 1-3 пайызға дейін комиссия алған. Тұтынушы несие нарығының кері көрсеткішінің басым бөлігін лудомандар құрайды екен. Олар бәс тігу үшін бәріне дайын. Несие алу, құқықбұзушылық, алаяқтық, тіпті ауыр қылмыс жасап жатыр. Еліміздегі 157 мың құқық бұзушылықтың 20 пайызы немесе 31 мыңы құмар ойындары кесірінен жасалған, ал ажырасудың 38 пайызының себебі құмар ойындары. Сонымен қатар 676 суицидтің әрбір 5-ші жағдайы құмар ойынына байланысты. Мектеп жасындағы 3,5 млн баланың 700 мыңнан астамы бір рет бәс тіккен. Бұл Қазақстандағы 1 млннан астам құмар ойыншы санының одан да ары өсетінін көрсетеді. Алаңдататыны 2017 жылдан бастап букмекерлік бизнес айналымы 15,5 млрд теңгеден 2022 жылы 553,6 млрд теңгеге дейін 35 есе өскен. Бірақ салық төлемінің мөлшері өзгермей, сол 2017 жылғы деңгейде тұрып қалған. Жауапты министрлік құмар ойындарының онлайн жүйесін жапсақ, бюджетке түсетін салық азайып қалады деген негіздеме айтады екен. Ал негізгі мақсат салық болса, неге 2017 жылдан бері салық мөлшерін көтеру мәселесі айтылмаған? Осыған назар аудартқан «республикалықтар» онлайн құмар ойындарына, букмекерлік бизнес жарнамасына толығымен тыйым салу, ойын бизнесі қызметтеріне салық мөлшерлемелерін көтеру, букмекерлердің аппараттық-бағдарламалық жүйелерін мемлекеттік табыс департаментіне қосу, казинолар мен букмекерлер орналасқан жер телімдерінің салығын көтеру секілді ұсыныстарын ортаға салды. Депутат Ермұрат Бапи «халық қарызға белшесінен емес, кеңірдегінен батты» дей келіп, «бұған кінәлі оның өзі емес, мемлекет, оның біліксіз Үкіметі» деп ашына айтты. Қазіргі қымбатшылық, адамдардың рожкиді суға қайнатып жеуге мәжбүрлігі жағдайында халыққа қарыз алма деген ақылдан бұрын жанашырлық керек екенін орынды атап көрсетті. Осы орайда Үкімет мүшелеріне ескі Қазақстанның халық алдындағы қарызының неге ізделмей жатқандығы, «сауықтырамыз» деп Ұлттық қордан банкілерге берілген триллиондаған теңге қарыздың қайтарылмау себебі, мемлекеттен бөлінген триллиондармен бірге «Казкоммерцбанк» қалайша «Халық банкіне» сіңіп кеткені тексерілмей қалуының сырын сұрады. «Сіздерге халықтың қарызын емес, бірнеше банкті біріктіріп, қыруар «сауықтыру» қаржысын бір банкіге жинастырып, оның барлығын сыпырып-сиырып алып кеткен олигархтарға тиесілі банктердің халыққа берешек қарызын неге қайтармасқа?» деп те Үкіметтің екі аяғын бір етікке тықты. Осы ақшалар қайтарылса, халықтың банктер алдындағы қарызын он есе қайтара жауып тастауға жететінін мәлімдеді. Қарызды халыққа қайтару мақсатында қабылданған ұрланған активтерді қайтару туралы арнайы заңның орындалмай жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бапи мырзаның айтуынша, әлі күнге дейін Біріккен Араб Әмірліктеріне ақша аударымдары жасалуда. Халықты қарыздан сақтандырғаннан бұрын, сол аударымдардың тарихын тексеру керек. Тоқетерін айтқанда, бұл жиында тыңдар құлақ болса, халықты несие қамытынан құтқаруға қатысты айтылмай қалған сөз жоқ. Барлығы мәселенің себебі мен салдарын ашып жатты. Ендігі міндет – олардың назарға алынып, нақты шешім табуы.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.