Неке куәлігін алған айыпталушы мекеме заңгеріне алғыс айтты

Жазалау орындарында некеге тұру сирек жайт. Алайда, бұндай жағдайларда неке тіпті көтермеленеді. Өйткені, неке — қамаудағыны тәртіпке келтіріп, мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады. Әрі жаза мерзімін өтеу барысында, бостандыққа шығуға үлкен үміт сыйлайды.

Сондықтан, Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мекемесіде қамауда отырған А .есімді жас азамат бостандықта жүргенде танысқан сүйіктісімен заңды некеге тұру мақсатында, мекеме заңгерінің қабылдауына жазылып, заңды некеге тұру бойынша сұрақтарын қойған болатын.

Мекеменің заң тобының заң кеңесшісі білікті маман Б. Абдразақ айыпталушының өтініш хаты негізінде , некеге тұратын қос тараптан қажетті құжаттарды жинақтап, АХАЖ бөліміне жіберді.

Осыған орай, ҚР ҚК- тің 194 – бабының 2- тармағының 2- бөлігімен айыпталушы 21 жастағы азамат өзінен екі жас кіші қызбен некелесті .

Олардың неке куәлігін табыстау үшін мекемеге Қызылорда қалалық АХАТбөлімінің іс жүргізушісі Ғани Дидар Ғаниқызы келіп, қол қойдырып табыстады.

Махаббаттарын заңдастырған қос ғашық қуанып, мекеме заңгеріне алғыс айтты. Мен заңгер Бекболат Абдразақовқа алғыс білдіремін. Көңлім жарасқан жанмен некемді заңдастырдым. Қамауда отырып, мұндай құқыққа қол жеткізгенім үшін қуаныштымын. Жасаған қылмысым үшін, төрт жылға дейін бас бостандығымнан айырылуым мүмкін.

Сол жылдарда көңліме медеу болып, үміт сыйлайтын, ұзақ мерзімді кездесуге келіп тұратын заңды некедегі әйелімнің болғаны әрине жақсы. Сүйікті қызымның некеге тұруға келіскендігі мені қуантты. Ол бұл іс-әрекеті арқылы өзіне деген махаббатымды арттырды.

Қызымнан бұл іс-шараның салтанатты түрде,тиісті жерде өткізе алмағандығымыз үшін кешірім сұрадым — деді, неке куәлігін алған жас жігіт .

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...

Демографияны көтеру басты басымдықтың бірі

 ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚ САНЫНАН, ЯҒНИ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМНЕН БӨЛІП ҚАРАЙ...