НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ӨЗ НАҚЫШЫМЕН ӨТТІ

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Наурыз мерекесін атап өтті.
Департамент ұжымымен дайындалған ұлттық салт-дәстүріміздің ұлағатты көріністерін тамашалау алдында, департамент басшысы Теңізжан Жәнібеков қуанышты хабарды жеткізді.
-Осы бүгін ғана қолымызға тиіп отырған мынау ерекше үлгідегі төсбелгі мен марапаттау қағазының мәні мен маңызы біздер үшін үлкен.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, 2015 жылы 16 қазанда Бурабайда ТМД мемлекеттеріндегі пенитенциарлық қызметтері басшыларының Кеңесі құрылғаны белгілі. Бұл Кеңес ТМД мемлекеттеріндегі пенитенциарлық жүйенің хал-ахуалын бақылап отырады. Сонымен қатар, бұл Кеңестің құзырына елдегі заңнаманы гуманизациялау, сотталғандардың әлеуметтік ахуалын жақсарту және олардың құқығын қорғау сияқты міндеттер де айқындалған. Осы Кеңестің шешімімен біздің ұжымның қызметкері, департамент басшысының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Аслан Оразаметов марапатталып отыр. Бұл біздің ұжымның жеткен жетістіктерін бағалау және Наурыз мерекесі қарсаңында бәріміз үшін де зор мәртебе,- деп, Теңізжан Нұрмаханұлы аталған Кеңестің Минскдегі штаб-пәтерінен келген төсбелгі мен марапаттау қағазын Аслан Ілиясұлының кеудесіне тақты.
Бұдан әрі Наурыз мерекесін атап өту рәсіміне кезек берілді. Департамент қызметкерлерінің күшімен дайындалған «Бесікке салу», «Тұсаукесер» рәсімдері өте тартымды, жарасымды жағдайда жалғасын тапты десе де болғандай.
Ұлттық киімдер киген қыз-келіншектер мен апалар — арнайы есеп бөлімінің бас маманы, әділет подполковнигі Жанар Жақыпова мен қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас есепшісі Перизат Тоқсанбаева кішкентай Аружанды бесікке салды. Ал Аружанның ата-анасы- режим және қадағалау бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет майоры Нұрлан Әмірбеков пен N:53-ші мекеменің бас есепшісі Әйгерім Әмірбекова ақ кимешекті асыл апаларға алғыстарын айтып, тарту-таралғылар үлестірді.
Сондай-ақ, тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Мақсат Омаровтың ұлы Дамирдің тұсауын департамент басшысы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков кесіп, бүлдіршінге ақ жол тіледі.
Мерекелік іс-шара Наурыз-көже мен арнайы дайындалған ас мәзірі кезінде департамент қызметкерлерінің өздері шырқаған ән-шашуға, күмбірлеген күй мен ұлттық дәстүрді арқау еткен викториналық сұрақтарға жалғасты.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...

Ғасыр жасаған әже референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдумда Ұзынбұлақтық 104 жастағы Күлпара Шортанова өз таңдауын...

Ардагерлер кеңесінің төрағасы алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгін Кеген ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов...

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...

ҚазБСҚА аумағында орналасқан сайлау учаскелерінде халықтың белсенділігі жоғары

ҚазБСҚА (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) аумағында орналасқан сайлау...