Найзағай, бұршақ және аяз: 11 сәуірде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болатындықтан, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады және жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады, оңтүстікте таулы аудандарда кейде қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстік пен батыста ауарайы жауын-шашынсыз болады.

 
Республика бойынша жел күшеюі күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, орталығында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Жамбыл облысында синоптиктер екпіні 30 м/с және одан да жоғары болатын қатты желді болжады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Күндіз желдің екпіні 9-14 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0, -2 градус, күндіз + 5 + 7 градус.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, арасында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 7 + 9 градус, күндіз + 11 + 13 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 7 + 9 градус, күндіз + 16 + 18 градус.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...