Назарбаев атындағы Астана әуежайының атауы өзгере ме?

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауы өзгере ме? Сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ААК ресми сауалға жауап беріп, қазір мұндай жоспарлар жоқ екенін мәлімдеді.

«Бүгінде Астана әуежайының атауын өзгерту, сондай-ақ әуежайдың үш әріптен құралған кодын (NQZ. — еск.) өзгерту мәселесі комитеттің күн тәртібінде жоқ», — делінген хабарламада.

Дәл осыған ұқсас жауапты елорда әуежайының баспасөз қызметі де берді – қала Нұр-Сұлтан деп аталған кезде әуе айлағына берілген әуежай кодын өзгерту жоспарда жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ге 2020 жылдың сәуірінде өзгертілді. Өзгерістер ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымында күшіне енген болатын.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады