12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәлік КЕНЖАЛИЕВ, ҚР Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы «СОТ ӘКІМШІЛІГІ – ТӨРЕЛІК АЛАҢЫНЫҢ ТЫЛЫ»

– Елімізде Сот әкімшілігі деген жаңа мемлекеттік құзырлы орган пайда болды. Осы мекеменің облыстағы аймақтық департаментін басқарғаныңызға алты айдан асты. Реформа аясында жаңғырған жаңа мекеменің бағыт-бағдары, басты міндеті қандай?

– Былтыр шілде айында БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы қызметіне тағайындалдым. Айта кетейін, Сот әкімшілігінің мақсат-міндеті – сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жетілдіру, сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін судьяларға жағдай жасау, сот жүйесі мен сот қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу. Жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету де басты міндет. Міне, судьялар корпусының материалдық жағдайын жақсартудан бастап, құқықтық тұрғыда сот төрелігін дербес жүзеге асыру үшін іргелі жұмыстар атқаруымыз керек.

– Сот ғимараттарын жаңартып, жаңғыртуға кіріскеніңізді БАҚ бетінен біліп отырмыз. Бұл жұмыстар жалғасын таба ма?

– Соттар әкімшісі басшысы қызметіне тағайындалған соң, облыстық сот төрағасымен және судьялармен кездесіп, біраз мәселені талқыладық. Одан кейін көп ұзамай облыс орталығынан қашық орналасқан аудандарға аттанып кеттім. Аудандық соттардың ғимараты мен олардың жабдықталуы, тіпті, жиһаздарына дейін сын көтермейтін жағдайда екеніне көз жеткіздім. Басты себептің бірі – облыс орталығында орналасқан аппараттың шалғайдағы аудан орталықтарында орналасқан сот кеңселерімен қарым-қатынасы төмен деңгейде, мүлдем көңіл бөлінбейтіні анықталды. ҚР Жоғарғы Соты департаментінің ықпал етуімен алыс аудандардағы 14 сот ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Кейбір түйткілді шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауға тура келді. Мәселен, 2022 жылдың 19 тамызындағы қатты желден кейін Жәнібек аудандық соты ғимаратының шатыры мен құрал-жабдықтары пайдасыз болып қалды. Осыған байланысты жедел түрде төтенше жағдай талабына сай облыс және аудан әкімдіктерінен қолдау-көмек сұрап, облыс әкімі аппаратының басшысы Абат Шыныбековпен сөйлескенімізде, ол ғимараттың төбесін жөндеуге респубикалық бюджеттен ғана қаржы бөлінетінін алға тартып көмек беруден бас тартты. Мәселенің мән-жайын түсіндіру үшін облыстың бұрынғы басшысы Ғали Есқалиевтің қабылдауында болып, одан кейін ресми хат жолдасақ та, қолданыстағы бюджеттік заң талаптарына сілтеме жасап, сырғытпа жауап берумен шектелді. Сонда бір ғана сұрақ туындайды, табиғаттың тосын мінез танытуынан зардап шеккен мекемелерге облыс әкімшілігінің республикалық, болмаса жергілікті бюджетті желеу етіп ешқандай көмек бермеуі қаншалықты дұрыс? Аталған мән-жайды негіздей келе, жауын-шашын басталмай тұрып мәселені тез арада шешу үшін Жоғарғы Соттан көмек сұрап, соттың өз қаражатына ғимарат шатырын ауыстырып, жөндеу жұмысын аяқтадық.

– Жергілікті әкімдік пен сот билігі арасында өзара түсініспеушілік бар секілді?

– Иә, жергілікті әкімшілікке сот құрылымы басқа мемлекеттен келген тәрізді, алайда облыс аумағында орналасқан барлық мемлекеттік органдардың бір ғана міндеті, ол халқымызға қызмет ету, басқа бағыт болуға тиіс емес. Оқыс жағдай орын алғанда қарағайдың қос бұтағы секілді қарсы шықпай, өзара ымыраға келуіміз керек еді. Қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың материалдық-техникалық жағдайына байланысты мәселе шаш-етектен. Мысалы, облыс орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Бәйтерек аудандық соты еңселі екі қабатты ғимаратта орналасқан. Ал ғимарат ішіне бас сұқсаңыз, бөлмелерінің әбден тозығы жеткенін көресіз. Жертөлесіне су кірген, жағымсыз иіс мүңкіп тұр. Жақында Президент Жарлығымен А.Мәженова Бәйтерек аудандық сотына төраға болып тағайындалды. Осы жұмыс сапарымда аудан әкімшілігіне, судьялар мен сот қызметкерлеріне жаңа төрағаны таныстырып, ғимаратты аралап, кездесулер өткізіп, жұмыс жоспарын белгіледік. Сол кезде аудан әкімі Марат Тоқжановтан сот ғимаратын жөндеуге көмектесуін сұрап, ортақ келісімге келгендей болдық.

– Билік үшін емес, бұқараға да оңтайлы болуы керек қой.

– Әлбетте, сот үдерісін өткізу халық үшін тиімді болуы тиіс. Мысалы, Казталов аудандық сотының ғимараты ескі, бөлмелері тар, сотқа келген тұрғындарға ыңғайсыз, сот ғимаратында белгіленген заман талабына сай құрылғылар жоқтың қасы. Халықаралық стандартқа сай сот ғимаратының кіреберісінен-ақ адамдардың отыруына жағдай жасалуы тиіс. Сот процесінің қашан болатыны, кейінге шегерілген уақыты, сот үдерісіне қатысушылардың құқығы мен міндеті көрнекі жерде жазылып тұруы тиіс. Өкінішке қарай, аудандық соттарда осы қарапайым стандарттар сақтала бермейді. Аудан әкімдерімен жүздесіп, сот үдерісін өткізуге арналған нысандарды жаңартып-жаңғырту жұмысын жандандыру керек екенін айтудай айтып жатырмын.

– Былтыр облыс әкімі ауысты ғой. Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлымен жоба-жоспарды пысықтап үлгердіңіздер ме?

– Әрине, ауызды қу шөппен сүрте беруге болмас. Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы өз өңіріміздің азаматы. Екеуара сөйлескенімізде облыс басшысы ісімізге қолдау білдірді. Бөкейордасы аудандық сотының ғимаратын салу үшін 2020 жылдың 14 желтоқсанында облыстық бюджеттен 182 миллион теңге бөлу туралы әкімдік қаулысы шыққан еді. Осы уақытқа дейін сотғимараты салынбады. Себебі, елімізде қымбатшылық күшейіп, жағдай күрт өзгеріп, бұдан екі жыл бұрын жасақталған жобалық-сметалық құжаттама пайдаға аспай, қайтадан 2023 жылдың талабына сай құрылыстың сметалық құнын нақтылау қажет болды. Осы құжат облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы тарапынан қолдау тауып, қазіргі жағдайда аталған жұмыстар іске асуда. Өңір басшысы бүгінгі есеп-қисапқа сай сметалық құжаттамаға түзету енгізуді тапсырды. Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов та жер актісін жасап, құрылыс жобасына қажет барлық құжатты пысықтағандарын, аудан прокуратурасының жанынан үлкен жер телімін бөлгенін айтты. Сот жүйесіндегі стандартқа сәйкес ғимарат қалай салынуы керектігіне байланысты ақыл-кеңесімді, ұсынысымды ортаға салдым. Осы аудан орталығында мамыр айының аяғында ғимарат құрылысы басталады деген үміттеміз. Одан бөлек, Казталов аудандық сотынағимараты салынбады. Себебі, елімізде қымбатшылық күшейіп, жағдай күрт өзгеріп, бұдан екі жыл бұрын жасақталған жобалық-сметалық құжаттама пайдаға аспай, қайтадан 2023 жылдың талабына сай құрылыстың сметалық құнын нақтылау қажет болды. Осы құжат облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы тарапынан қолдау тауып, қазіргі жағдайда аталған жұмыстар іске асуда. Өңір басшысы бүгінгі есеп-қисапқа сай сметалық құжаттамаға түзету енгізуді тапсырды. Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов та жер актісін жасап, құрылыс жобасына қажет барлық құжатты пысықтағандарын, аудан прокуратурасының жанынан үлкен жер телімін бөлгенін айтты. Сот жүйесіндегі стандартқа сәйкес ғимарат қалай салынуы керектігіне байланысты ақыл-кеңесімді, ұсынысымды ортаға салдым. Осы аудан орталығында мамыр айының аяғында ғимарат құрылысы басталады деген үміттеміз. Одан бөлек, Казталов аудандық сотына арналған жаңа ғимарат салу жоспарда бар, оған құрылыс жобасына қажет құжаттамалар дайындалуда. Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев жер учаскесі белгіленген орынды көрсетіп, сот тарапынан қолдау тапты.

– Мәлік Сәбитұлы, қазіргі уақытта Казталов ауданының Жалпақтал ауылындағы №2 сот пен Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы №2 соттың жабылатыны туралы мәселе көтеріп жатқанын білеміз. Алыстағы ауыл-аймақ тұрғындары енді аудан орталығына сабылуға мәжбүр бола ма?

– Казталов ауданының №2 соты мен Ақжайық ауданының №2 сотының жабылатыны туралы Жоғарғы Соттан нұсқау келгені рас. Алайда, бұл соттардың жабылуы жергілікті халық үшін дұрыс еместігін, облыстық соттың төрағасы 2022 жылдың ақпан айында жазса, мен 2022 жылдың шілде, қазан айларында ҚР Жоғарғы Соты кеңесінің төрағасына, ҚР Жоғарғы Сот департаментінің басшысына, сонымен қатар, 2023 жылдың ақпан айында ҚР Сот әкімшілігінің басшысына өз ұсынысымды жолдадым. Онда бұл соттардың бұқара халық үшін маңызы зор екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ресми хатта өз ойымызды білдірдік. Сондықтан сот саласындағы басшы құзырлы органдар, халықаралық сот әкімшілігінің талабына сүйене бермей, жергілікті халықтың жағдайын, тұрмыстықәлеуметтік түйткілдерін есепке алып, сараптауы қажет деп ойлаймын. Тағы да айта кетейін, бұрынғы әкім Ғали Есқалиевке әріптестік тұрғыда екі аудандық сотты таратпау мәселесімен айналысуын сұрағанда, әкімдік тарапынан ешқандай қолдау болмады. Ал жаңадан тағайындалған облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының қолдауымен бұл жұмыс қайтадан қолға алынып, қаралуда. Алайда, мәселе қалай шешілері бізге беймәлім.

– Сонда барлық қам-қарекет зая кетті ме? Түсінгенім, аталған мекемелердің тағдыры әлі де қыл үстінде тұр ғой?

– 2023 жылдың 14 қаңтарында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қабылдауына жазылып, өңір басшысына Жалпақтал мен Тайпақ ауылдарындағы сот мекемелерін сақтап қалуға ықпал етуін сұрадым. Нариман Төреғалиұлы мені мұқият тыңдаған соң, Астанаға жұмыс сапарымен барып, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиевпен тікелей жүздесіп, мәселенің мән-жайын түсіндірген. Жаңадан тағайындалған Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарған, аудандық, қалалық, облыстық соттың судьялары қызметін атқарған, барлық мән-жайды жан-жақты білетін азамат. Өңірлердегі жұртшылықтың жай-күйімен жақсы таныс. Әзірше бұл мәселе басы ашық күйінде тұр. Іс оңтайлы шешіледі деп үміттенеміз.

– Сот жұмысының сапасын арттыруда сот әкімшілігінің рөлі қандай?

– Алдымен жыл қорытындысы бойынша деректерді қысқаша баяндап өтейін. 2022 жылы облыс соттарында 13 381 азаматтық іс аяқталды. Оның ішінде 7 333 азаматтық іс бойынша сот шешімі шықты. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 2787 шешім шығарылды. Облыс соттары 2022 жылы 1 355 қылмыстық істі аяқтады. 1163 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Есепті кезеңде 1297 адам сотталды. 527 адамға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Аса ауыр қылмыс жасаған 42 адам, ал қылмыстың ауыр түрлері бойынша 684 адам сотталды. Оның ішінде 291 адам жазасын түрмеде өтейді. Сот үдерісін мұқият қадағалап, ақпараттық-талдау жұмысын жүргіземіз. Сот актілерінің уақытылы салынбауы, процессуалдық мерзімнің бұзылуы, арыздардың уақытылы тіркелмеуі мен бөлінбеуі, атқарушылық құжаттардың орындау мерзімінің бұзылуы және сот отырысының дәл уақытында басталмауына қатысты мәселені қадағалап, ұдайы сын-ескертпе жасауға құзыретіміз бар. Бір сөзбен айтқанда, сот төрелігін судьялар жүзеге асырса, ұйымдастыру шараларын біздің мекеме атқарады.

– Судьялар мәртебесі туралы айтсаңыз. Іс жүзінде олар дербес шешім шығара ала ма?

– Судьялардың тәуелсіздігі заңмен белгіленген, заң бойынша сотқа жолданған өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай құзырлы органдардың, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына тыйым салынған, және заңмен жауапкершілік белгіленген. Алайда, судьялардың, халық арасында дау туғызатын кейбір нақты істерді қарау барысында, тараптар, әлі шешім қабылданбаған істер бойынша ақпарат құралдары арқылы «интернет» жүйесінде талқыға салып, өз ойларын алдын ала білдіріп, ақ-қарасын өздерінің пайымдауы бойынша шешіп тастап, айқай-шу туғызып, судьяның заңды шешім қабылдауына кедергі жасап, жұмысына қысым көрсетіп, ақпарат құралдары арқылы өз ықпалын жүргізгісі келіп тұратын жағдайлар кездесіп тұрады. Сондықтан, қазіргі уақытта сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар соттың тәуелсіздігін қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді деген ойдамын. Судьяның істі қарау жұмысына араласуға тыйым салынған. Тараптар сот ісіне қатысты шағымдануға құқылы. Заң бәріне бірдей!

Сұхбаттасқан Нұртай АЛТАЙҰЛЫ

Нужно делать больше, чем тебе под силу

Я, Мұқажан Мұхамед Тоққожаұлы родился 26 июля 1994 года...

Заңды өкілінің іс әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот іс өндірісін тоқтатты

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Қазіргі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының...