Мәжіліс сайлауы: ОСК қорытындыны жариялады

Бүгін 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындыларын анықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Партиялық тізімдер бойынша, дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлуге 6 саяси партия жіберілді. «Байтақ» жасылдар партиясы 5 пайыздық кедергіні еңсермеуіне байланысты мандаттарды бөлуге қатыспайды», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Депутаттық мандаттар бөлініс нәтижесі:

Amanat партиясы  — 40;
«Ауыл» партиясы — 8;
«Ақ жол» партиясы — 6;
Қазақстан халық партиясы — 5;
Respulica партиясы — 6;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — 4.

Еске салайық, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жариялаған еді. 

Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді