Мәжілісте электрсамокаттарды көлік құралы ретінде тану мақұлданды

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Оған сәйкес, электрсамокаттар көлік құралы ретінде тану мақұлданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электрсамокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылдың шілдесінде қабылданды.

«Электрсамокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Және үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

Жолдың жүру бөлігіне шығатын жүргізушілерге қойылатын талаптар апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілді. Өйткені жол жүрісі қағидаларын білмеу — көлік құралының конструкциясын ескерсек, қиын жағдайға алып келуі мүмкін. Электрсамокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электрсамокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек», — делінген заң жобасында.

Заң жобасы екі оқылымда мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберу ұсынылды.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.