Мәжбүрлі еңбек

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Арал аудандық пробация қызметінің бақылауында 40-тан астам сотталған есепте болса, оның 33-не сот үкімімен жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына жүз сағатқа мәжбүрлі еңбек атқару міндеттелген.

Қазіргі таңда олардың 29-ы мәжбүрлі еңбекті толық орындаса, 4-еуі әлі де атқаруда. Олар өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.

Жалпы мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚК-нің 44-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органға жүктелген.

Арал аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Серік Сейталиевтің айтуынша пробациялық бақылау белгіленген әрбір азаматқа сот жүктеген міндеттерді түсіндіріп, профилактикалық сұхбаттар, күнделікті мекенжайынан тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғандарға мәжбүрлі еңбек атқару тәртібі түсіндіріліп, жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа бармау керектігі ескертіледі.Есептегі азаматтар арасында жасаған қылмысына өкініш білдіретін сотталғандар да кездеседі дейді пробация бастығы.

— Мен жасаған қылмысым үшін сот үкімімен тағайындалған жазамен, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарудамын. Күніне төрт сағатан мәжбүрлі еңбекті атқарып жүргенімде, мен сот үкімімен тағайындалған әрбір жаза заң талабына сай орындалатынына көз жеткіздім. Бұл маған сабақ болды. Енді құқықбұзушылық әрекеттерге жол бермеймін»,- деп жасаған қылмысына өкініш білдіретіндігін айтты.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...