Мәжбүрлі еңбек қосымша жаза ретінде тағайындалды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын алты азаматқа 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек қосымша жаза ретінде тағайындалған.
Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқа­ру­шы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт са­ғат­тан асырылмай өтеледі. Жергілікті атқарушы органдар айқындайтын бұл жаза түрі жазаны өтеудің бүкіл мер­зі­мі ішінде жыл сайын жүз сағаттан тағайындалады.
Сот үкімімен осындай жаза түрі тағайындалған сотталғанның бірі – Алмат.Ол 2023 жылы Қазалы аудандық сотының үкімімен КР ҚК 300 бабының 1- бөлігімен(Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған. Сонымен қатар ол жаза өтеу кезінде 100 сағаттан аспайтын қоғамдық жұмыстарды атқару белгіленген.

– Сотталған азамат 100 сағаттық мәж­бүрлі еңбегін өтеу үшін Әйтеке би кенті әкімшілігіне жіберілді. Қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Көшелерді қардан тазалау жұмыстарын атқарып жүр. Пробация қызметкерлері тарапынан мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғандарды жұмыс жасап жүрген жеріне барып тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Есептегі тұлғалар жұмыстарын уақытылы атқарып жүр.Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 80-нен астам адам есепте тұрады»,-деді пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатов

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...