Мәдениеттің мәйегі — кітап

Кітап оқуға деген сүйіспеншілік адамдарды жақындастырады. Ғасырлар бойы кітап қоғамда өзінің белгілі бір функциясын ұстап тұрды. Ал оқу мәдениеті — адамның білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығарманың өн бойына еніп, түсіну, қабылдау қабілеттерін өздігінен игеруіне мүмкіндік туғызды. Әдебиет сүйер қауым жыл сайын Дүниежүзілік кітапқұмарлар күнін атап өтеді. АҚШ-та пайда болған ресми емес мереке бірден әлемнің басқа бөліктерінде қолдау тауып, халықаралық сипат алған. Бүкіл әлемде бұл мерекені жазушылар, ақындар, баспагерлер, типография қызметкерлері мен кітап дүкенінің сатушылары, кітапханашылар және әлбетте әдебиеттің жанкүйерлері — оқырмандар атап өтеді.

Дүниежүзілік кітапқұмарлар күнін атап өту үшін, БҰҰ ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты: Сапалы білімді басшылыққа ала отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасымен «BOOKazNU dating: Оқу және оқыған кітабыңмен бөлісу мүмкіндігі» атты бұрыш ашылды. Кітапқұмарлар үшін алаң құрудың мақсаты — студенттерді оқуға ынталандыру, оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру, жаңа әдебиеттерді ашу және кітапқұмар жандарды шығармашылық қоғамдастыққа біріктіру.

Аталған іс-шара студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды: кез келген адам келіп, өзіне ұнайтын кітапты ала алады, отырып оқи алады, сондай-ақ кез келген әдебиетті тегін бере отырып, кітап сөресін толықтыра алады. Іс-шараға қатысқан кітап оқуға кұштар оқытушылар мен студенттер зор ризашылықпен игі істің өз жалғасын табуына тілектерін білдірді. Қазір бұл кітап алмасу тәжірибесі бүкіл әлемде кең таралған.

Заң факультетінің 1 курс магистранты Е.Е. Мырзабек
З.ғ.к., профессор- Г.М. Атаханова
З.ғ.к., доцент- М.Қ. Бисенова,

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...