Мұқтаж жандарға қан тапсырған ҚАЖ қызметкерлері алғысқа ие болды

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылордадағы ҚАЖ департаментіне қарасты 68 мемлекттік мекемесінің қызметкерлері, бұл жолы қан тапсырып қайрымдылық жасады.

Мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы , әділет лейтеннанты Ж.Даулетиярова жеке құрам мен ерікті жалдамалылардан жасақталған топты Облыстық медециналық орталыққа өзі бастап апарып, донор болды.

Орталық қызметкерлерінің айтуы бойынша: Қан әрдайым қажет болып қалатын жағдайлар көп кездеседі. Әрі қан тобы сирек кездесетін науқастар да жиі түсіп жатады. Бүгін ерікті түрде қан тапсыруға келген ҚАЖ қызметкерлері арасында қан тобы сирек кездесетін жандар болса, тіпті қуанатынымыз рас. Өз қандарымен қанға мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған погондағы азаматтарға алғыс айтамыз — деп, ризашылығын білдірді.

Ал, жаста болса, бас болып келген жас лейтенант қыз Жаннұрдың айтуы бойынша: Жеке құрам мен еріктілерден жасақталған бұл топтағы азаматтар өз еріктерімен қан тапсыруға белсенділік танытты. Қан тапсырған адамның қан жасушалары жаңарып, ағзасы тазаратыны дәлелденген.

Ең бастысы, өз қаныңызды беру арқылы мұқтаж жанның өмірін сақтап қаласыз. Дәрігерлер қабылдауға келгендердің қан тобын анықтап, қан қысымын өлшеді. Денсаулықтары жарайтындарды арнайы қан тапсыру бөлмесіне жіберді. Барлығы жиырма азамат қан тапсырды. Осылайша, өзгеге өмір сыйлап үлгі көрсетуден қашпайтын тергеу изоляторының қызметкерлері, алдағы уақытта да бұл игі істерін жалғастыра бермек.

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...