«Мұнай бағасы түсіп кетсе…» Сарапшы ел экономикасына төнер қауіпті атады

Экономист Мақсат Халық еліміздегі мұнайдың бағасы кенет түсіп кетсе, ел экономикасын қандай салалар асырауы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мәселен, бір күні мұнайдың бағасы түсіп кететін болса, Қазақстан экономикасын алып шығатын балама көздер болуы керек. Меніңше, олар — өңдеуші өнеркәсіп саласы, туризм, агроөнеркәсіп кешендері. Онымен қоса, елімізде жасыл энергетика көздерін дамытуға болады, сондай-ақ осы қатарда IT саласы мен көлік-логистика саласы тиімді болмақ. Бұл салаларға басымдық беретін болсақ, ел экономикасын алдағы жылдары біраз деңгейге көтеруге болады», — дейді сарапшы.

Мақсат Халықтың айтуынша, қазіргі таңда еліміздің экономикалық бағыт-бағдары түсініксіз жағдайда.

«Экономика тек бір нәрсеге байланып қалмауға тиіс. Бүгінгі таңда үкіметтің жүйелі әрі тиімді моделі жоқ деуге болады. Өйткені еліміздегі соңғы қабылданған жобалар Ұлттық жобалар болып бекітілген еді. Алайда қазір сол жұмыстар мағынасын жоғалтып жатқанын көріп отырмыз. Демек 10-15 жылдан соң Қазақстан экономикасының қандай бет-бейнесі болады? Міне осы мәселені жоспарлау бүгінгі таңда күн тәртібінде тұр», — деді сарапшы.

Сондай-ақ ол үкіметтің жылда жалақы мөлшерін көтеруіне қатысты пікір білдірді. 

«Иә, көтеру керек. Алайда әлі айлықты дұрыс көтерген жоқ деп есептеймін. Өйткені халықтың табысы артқан жоқ. Бұл мәселе кешенді түрде қолға алынуы керек», — дейді экономист. 

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...