12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Менің университетім, менің таңдауым-ҚазҰУ

Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай университеттердің бірі — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университеті. Жылда білім алушылардың саны ғана емес, сапалық құрамы да артып келеді. Сол себепті, мемлекет тарапынан жыл сайын талапкерлер мен түрлі мамандықтарға жеңілдіктер мен гранттар көптеп бөлінуде, осындай мүмкіндікті тиімді пайдалану біздің басты міндетіміз деп ойлаймын. Өйткені, Қазақстандағы ең үздік  университеттің студенті атану -біз үшін үлкен абырой мен зор жауапкершілік.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, заң факультетінің студентімін. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған едім, көзді ашып-жұмғанша үлкен өмірге аяқ бастым. Жоғарғы оқу орнын таңдау — әрбір адам үшін мәнді және күрделі шешім. Өйткені, жарнамасы жер жарғанмен, білім сапасы төмен оқу орындары көптеп кездеседі. Мектепте оқып жүргенімде көп университеттер туралы ақпарат жинап, соңында ҚазҰУ-ға тоқтам жасадым. Осы университеттің студенті атану — менің көп жылғы арманым болатын. Алдыма мақсат қойдым. Құдайға шүкір, қазір арманым орындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басты ерекшелігі — бір ғасырға жуық тарихы бар, Қазақстан Республикасындағы заңгер мамандығы бойынша, мықты кадрларды дайындайтын №1 білім ордасы.

Менің болашақ мамандығым -заңгер мамандығы. Болашаққа қойған мақсатым — білімді, білікті, қазіргі уақыт талабына сәйкес болатындай, жан-жақты, мәдениетті, ізденімпаз, азаматтарымызға  кез келген қиын жағдайда құқықтық көмек көрсете алатын, Қазақстан Республикасының отаншыл, адал, елін, жерін сүйген перзенті ретінде қалыптасу, қоғам үшін өз үлесімді қосу. Абай атамыздың айтқанындай сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан деген сөзін мен өзімнің берік өмірлік ұстанымым ретінде аламын.

Заңгер мамандығы ең бір ерекшелегі қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Әрине, «Еңбексіз- зинет жоқ» дегенде бұл мамандықты «терең оқымай, маңдай терлетпей»- игерем деу ойсыздық дер едім. Осы жолда кездескен қиындықтардан сүрінбей өтіп, аянбай еңбек етіп, тер төгуім керек. Сонда ғана менің мақсатым іске асады. Заң саласының жақсы маманы болып қалыптасуымызға осы университеттің тигізер әсері мол деп ойлаймын. Қорытындылай келе, мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Заң факультетінің студенті болғаныма еш өкінбеймін, керісінше шын жүрегіммен мақтан тұтамын! Сол себепті «Әділдік бар жерде — заңсыздық байқап жүреді, әділетсізлік бар жерде — заңсыздық шайқап жүретін″ заманда, «Қара қылды қақ жарған» әділ де, турашыл заңгер болу менің асқақ арманым!

Орындаған: Қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының оқытушысы Жақыш Ақерке Жеңісқызы, қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының оқытушысы Тұрысбек Рысбек Берікұлы.

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...