12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекет берген мүмкіндікті бағаламағандардың оқу ақысы қайтарылады

Алаштың арда ұлы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Жазушының түпкі ойы халқын білім арқылы дамыған елдер қатарына қосумен үндес. Әуезовтер жол көрсетіп, мұра еткен білімді ұрпақтар шоғырын тәрбиелеу, білікті мамандар дайындау ісіне қазіргі кезде де аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Қазақстан Республикасында талапты, талантты жастардың жоғары білімін әрі қарай жетілдіруіне, ғылыми зерттеулер жасауына, біліктілігін арттыруына жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Мұндай жақсы үрдістен жоғары оқу орындарының барлығы шет қалмаған.


Білім ордасында шәкірттердің сала бойынша мықты маман болуына қаншалықты терең мән берілсе, сәйкесінше оқу бағдарламасын меңгермей, ортақ тәртіпті бұзып, оқу орнының беделіне нұқсан келтіргендерге талап мен жауаптылық та жоғары. Білім беру қағидаларын ескермей, ортақ тәртіпке бағынбай оғаш мінез көрсеткендерді оқудан шығарып қана қоймай, білім беруге кеткен мемлекеттік шығынды өндіріп алу да жолға қойылғанын айта кеткеніміз жөн. Жоғарғы Соттың осы санаттағы істер бойынша жіктеуішке енгізген сот актілерін зерделей келе Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу бойынша 2017 жылы 2 азаматтық іс, 2019 жылы — 13, 2020 жылы — 18 , 2021 жылы 8 іс қаралған.

Осыдан көріп тұрғанымыздай, біздің елімізде білім беру бағдарламасы арқылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқығандардан оқуға кеткен шығынды қайтару туралы даулар мазмұны бойынша екі түрлі болып келеді. Оның біріншісі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқитындар білім алу үшін өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланбаса, дұрыс оқымаса, тәртіптік жауапсыздыққа жол берсе, білім ордасы шәкіртті оқудан шығара отырып, оның біліміне жұмсалған мемлекет қаржысын даулай алады. Бұл жерде басымдық білім сапасына, білім алушының жауапсыздығын жоюға беріледі. Сонымен бірге оқу орны өзара шартта көзделген міндеттемені орындамағанды сот арқылы жауаптылыққа тартқанда оқу орнының беделіне
нұқсан келтірмеуге де жіті назар аударады.

Екіншіден, мұндай даулардың келесі бір буыны Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқығанымен, міндеттемеге сай өз саласы бойынша жұмыс істемеген, жұмыс істеуден бас тартқан жағдайда туындайды. Шартты орындауға мән бермегендер ісі бойынша сотта бірнеше рет іс қаралған. Яғни, бұл бағытта істерді қараудың соттық практикасы қалыптасып үлгерген. Мұндай дауларды шешу азаматтық заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.


Э.Ақбаев,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының судьясы

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...

    «Ұлттық ойындар»  авторлық бағдарламасының  берері не?

Мазмұны бойынша барлық халық ойындары балаларға қол жетімді. Олар...

”МИГРАНТ” профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

02.05.2024 жылы Түрксіб станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі...

Рейдовые мероприятия провели среди сотрудников ДУИС Астаны

Сотрудниками Группы собственной безопасности совместно с сотрудниками Отдела воспитательной...