Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «EgovKZBot» Telegram-боты жұмыс істейді.

📲 Telegram-бот арқылы:
🔹 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауы;
🔹 негізсіз бас тарту;
🔹 артық құжат талап ету;
🔹 мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуы;
🔹 мемлекеттік органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі бойынша
өтініш, шағым немесе ұсыныс жолдауға болады.
Сонымен қатар, азаматтар өз өтініштерін «e-Otinish» бірыңғай платформасы арқылы да онлайн форматта жолдай алады.
🤖 «EgovKZBot» Telegram-ботының артықшылықтары:
✅ өтінішті кез келген уақытта жолдау мүмкіндігі;
✅ қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс;
✅ жедел қарау және кері байланыс;
✅ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі.
📌 Әрбір өтініш жауапты мамандардың бақылауында болады және қолданыстағы заңнама аясында қаралады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту — ортақ міндет!


