12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметші — ел айнасы

Мемлекеттік қызметші–мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі, жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер – билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер. Мемлекеттің атынан жұмысын атқарып, мемлекет мүддесін қорғайтын қызметкердің өзін-өзі ұстауына, адамдармен қарым-қатынасына, шеберлігіне, сауаттылығына қарап, қарапайым халықтың да мемлекеттік қызметке сенімдері нығая түседі. Бір мемлекеттік қызметшінің оғаш ісі бүкіл бір құрылымның беделіне нұқсан келтіріп, сеніміне кірбің түсіруі мүмкін. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік құрылымдарға жұмыс істеуге үмітті жандарға талап қатал.

Судьяларға ғана емес, қазір сот мамандарына да қойылатын талаптар жоғарылаған. Өйткені азаматтар сот билігінің әділдігін, төреліктің тура шығарылғанын таразыламай тұрып, кеңсе қызметкерлері мен сот мамандарының қызмет көрсету сапасына ғана баға береді. Азаматтарды ізетпен қабылдап, білмеген сұрақтарына түсіністік танытуына, құқықтық кеңес беруіне қарап, олардың сот жұмысына деген сенімі нығаяды. Мұны сот табалдырығынан аттаған кез-келген адамның лебізінен, пікірінен аңғаруға болады.

Судьялар мен мамандардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға, тәжірибесін шыңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекеше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятыны, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлыққа жанасқан немесе смыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын.

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы –

сот отырысының хатшысы

А.Е.Ахибаев

ДАУДЫҢ ТҮЙІНІ – БІТІМ: ӘКІМШІЛІК СОТТАҒЫ МЕДИАЦИЯНЫҢ МӘНІ

Қазақстанда әкімшілік әділет жүйесі енгізілгелі бері сот пен азамат...

ҚАСЫҢЫЗДА КІМ ЖҮРГЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Күнделікті күйбең тірліктің көлеңкесінде жүріп жанымыздағы жақсы адамның бағасына...

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы,...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...