Мемлекеттік қызметшінің әдебі-қоғам айнасы

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

«Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі елдің ертеңі соларға байланысты. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді. Бұл ретте, әдептік мінез-құлық шеңбері мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітіліп, оның сақталуын бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары:

  1. Адал ниеттілік-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету.
  2. Адалдық-өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
  3. Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау;
  4. Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
  5. Сыпайылық-азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады.

Қызылорда қалалық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы А.Туменбаева

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...