Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау

ҚР Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері қызметінің басым бағыттарының бірі — мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау.

Бүгінгі күні, Агенттіктіктің Алматы қаласы бойынша департаментімен арыздарды қарау қорытындылары бойынша біраз мемлекеттік қызметкерлердің құқытары қалпына келтірілді.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің арызы бойынша лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін дұрыс есептемеу бөлігінде бұзушылық анықталып, Департаментпен мемлекеттік қызметшінің құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.

Тағыда мысалдар келтіретін болсақ, Департаментпен жүргізілген тексеру шаралары кезінде мемлекеттік қызметшілердің уақтылы еңбекақы алу, жыл сайынға ақы төленетін еңбек демалысына бару құқықтарының сақталуы қамтамасыз етілді.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің пікірі бойынша негізсіз айыптар болған кезде мемлекеттік қызметшінің қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге құқығы бар.

Алайда, мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасына талдау жүргізу барысында, мемлекетік қызметшінің аталған құқығы бұзылғандығы анықталды, мәселен, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен бас маманға тәртіптік жаза қолданылған.

Осы бұзушылық бойынша мемлекеттік қызметшінің құқықтары заңсыз шығарылған бұйрықтың күшін жою арқылы қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда жұмыс кестесінің дұрыс сақталуына бақылау жүргізу көзделген.

Осыған орай, а.ж. 1 сәуірден бастап Агенттікке мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесін сақтауын бақылау функциясы жүктелді.

Бұған дейін, бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру жүргізу және тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар еңбек инспекциясына жіберілетін болса, қазір бұл функция жоғарыда атап өткендей Агенттікке және оның аумақтық департаменттеріне берілді. Енді бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 89-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Айта кету керек, еңбек инспекциясы басқармасына жіберілген материалдар негізінде, 2022 жылы, бірқатар лауазымды тұлғалар еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны және жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үстеме жұмысқа заңсыз тартылған қызметкерлерге ақшалай өтемақы өндірілді.

Департамент осындай бұзушылықтардың алдын алу бойынша да жұмыс жүргізуде. Мәселен, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері мемлекеттік органда бұзушылықтардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды талқылау бойынша жұмыс жүргізеді.

Бұдан бөлек, өткен аптада, 2022 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері Әдеп жөніндегі кеңес отырысына шығарылып, аталған бағытта мелекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстар қабылданды.      Департаменттің қызметі мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау бойынша бақылау іс-шараларын жүргізумен қатар, мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге бағытталғанын атап өткіміз келді.

Департамент бұдан әрі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Э.А. Темиралинова

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...