spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау тәртібі

Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің айнасы! Егер қандай да бір мемлекеттік қызметкер қоғамда өрескел әрекетімен көзге түссе, онда халықтың мемлекетке деген көзқарасына да селкеу түсіп жатады. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларын сақтау тәртібі қалыптасқан. Жалпы мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қою елімізде қалыптасып келеді. Және бұл талап жыл өткен сайын уақыт сұранысына сай күшейтіле түсуде.  

Нақты құжаттарға келер болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы № 153 «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілген. Этиканы қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие болып табылады, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назар аудартады. Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен  жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу сияқты барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады. Өйткені оның әрекетіне қарай қоғамда көзқарас қалыптасады.

Сондай ақ олар әрбір сөзіне абай болғаны жөн. Мәселен мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиісті. Басқа елдер тарапына да білдірген кейбір ұшқары пікірі екі елдің арасына сына қағып қалуы бек мүмкін. Сондықтан оның пікір айтуына қатысты да абай болғаны жөн. Осы орайда қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға жол бермей, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы тиіс.

Жалпы елімізде мемлекеттік қызметкерді іріктеуге, оның кәсіби біліктілігін арттыруға қатысты талап жыл сайын ұлғайпы келеді. Президенттік жастар кадр резервін құрудың да ар жағында олардың білімі мен біліктілігін арттыру идеясы жатыр.

Есенов Абылай Сарсенович, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...