Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік құндылықтарын дамыту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қатысуымен жарты ғасырға жуық ел тағдырына араласқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өткен өмірі мен қоғамдағы қызметін ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ғасыр саңлағы» атты көрме апталығының ашылу салтанаты өткен болатын.

Ол жерге Д.А. Қонаевтың медбикесі Белгібаева Әлия Қуандыққызы келіп, қызықты естеліктерімен бөлісті.

Кездесуден айрықша әсермен шықтым. Қонаев музейін қатты көргім келді. Көп ұзамай, қызым екеуіміз аңыз адамның музейіне барып қайттық.

Есіктің алдынан қарсы алған жайдары жүзді гидтің біраз әңгімесі бала күнімнен таныс деректер, алайда қайталап өткен дұрыс. Себебі Димаш атаның еңбектері ұдайы еске алынып тұру қажет және ол кісіден алар үлгі-өнеге жетерлік.

Музейден кейін біраз ойларымды саралап, ол кісінің қасиеттері: ұлтқа жанашырлық, қарапайымдылық, сабырлық, жылы жүзді, мәдениетті, айта берсең көп, біздің де бойымыздан табылса екен деген ой түйіндедім.

Димаш атамыздың нақыл сөздерінің бірінде: «Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады» –делінген. Бұл жерде айтылған ой қазіргі кезде де өте өзекті болып тұр.

Мемлекеттік қызметші кәсіби тәжірибемен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болуы өте маңызды.

Бір жылдан астам қолданыста болып келе жатқан Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болып саналады.

Мемлекеттік қызметші атағына үміткер адамдар, ең алдымен, өздерінің моральдық-этикалық құндылықтарын дамытуға күш салуы, ұлт болашағының жарқын болуы үшін тынбай қызмет етуге дайын болуға және халық алдындағы жауапкершіліктің ауыртпалығын анық сезінуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылғандықтан, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылып отыр.

Лайым, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттыру үшін жүктелген жауапкершілікті сезініп, қызметімізді абыроймен жүзеге асырайық.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Э.А. Темиралинова

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...