12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖЕКЕ МҮДДЕ БОЛМАЙДЫ

Халық мүддесін қара басынан жоғары қойып, азаматтық ұстанымдарынан елдік мұратты биік санайтын бір қауым бар. Ол – мемлекеттік қызметшілер. Билік пен бұқара арасына дәнекер болатын, халыққа қызмет етуге бар күш-жігерін сарп ететін де осылар. Мемлекет жолында отқа жанбайтын, суға салсаң, батпайтын да мемлекеттік қызметшілер. Дейтұрғанмен, бес саусақ бірдей болмайтындығы секілді, бұл топ ішінде де басбұзарлар кездесіп жатады.

Бүгінгі жазбамыз, қызметтік жауапкершілігіне салғырттық танытып, берген антына адалдықпен жауап бере алмаған, оңай олжа үшін көзсіздікке барған бір топ мемлекеттік қызметшілер туралы. Қазакең, «Ет сасыса, тұз себесің. Тұз сасыса, не себесің?», – дейді. Бұл шарасыздан яки амалсыздан айтқаны белгілі. Билігіміздің бет-бейнесіндей болған «қызметкерлер» бүлінсе, қайтпекпіз? 2023 жылдың басынан бері 842 мемлекеттік қызметкер қылмыстық құқықбұзушылық жасап, жауапқа тартылған. 2022 жылы 886 мемлекеттік қызметкер қылмысқа барған. Мемлекеттік қызметкер – еліміздегі билік жүйесінің бет-бейнесі екенін ұмытпағанымыз абзал. Балық басынан шіриді ме? Қош, әлгі қылмыскерлердің қай тұста тұтылғанын тарқата жазайық. Заң бұзғандардың ішінде пара алу дерегі көп. Қолында билігі бардың қалтасы сөйлейді дейміз бе? Жыл басынан бері жолынан жығылғандардың жалпы саны 842 болса, оның 22,6 пайызы сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер. Өткен жылға қарағанда бұл статистика 4,4 пайызға көп. Биылғы көрсеткіш – 190 мемлекеттік қызметкер. «Қалауын тапсаң қар жандырамын» дейтіндер де көп көрінеді. Биыл мемлекеттік қызметпен қатар алаяқтықпен де айналысып жүргендер яки ұсталғандар 167 адамға жеткен. 2022 жылға қарағанда 20,1 пайызға артық. Үздік үштікті, «Сенiп тапсыҚыстың алғашқы күні Алаштың бұрынғы астанасы, Сыр өңірінің бас қаласы Қызылордада облыстық соттың 85 жылдық мерейтойы қорытындыланды. Айтулы мереке ресми жиынмен ғана шектелмеді. Мерейтой құрметіне ұйымдастырылған маңызды шаралар қалалық, аудандық соттарда жыл бойы жалғасын тауып, тек соттардың емес, жалпы жұртшылықтың рухын көтерді. «Жаңа Қазақстандағы сот жүйесін жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, судьялар арасында құқықтық турнир, БАҚ өкілдеріне арналған «Сот репортері» байқауы ұйымдастырылды. «Сыр соттары – әділдік айнасы» атты шығармашылық байқауда судьялар мен сот қызметкерлері бақ сынаса, өңірдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері футбол мен волейболдан сайыс өткізді. Бұған қоса Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3-4 курс студенттері арасында «АДМПРОЦЕСС–2023» әкімшілік рәсімдік процестің үздік білгірлері» кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. рылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша анықталған «қылмыскерлер» түйіндейді. Олардың саны – 107 адам. Сондай-ақ, азаптау ісі бойынша – 39, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану ісі бойынша – 31, әскери қызметкерлер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың өзара қарым-қатынасының жарғылық ережелерін бұзу ісі бойынша – 31, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы – 29, 367 – бап негізінде пара беру ісі бойынша – 21, қызметіне салғырттық таныту ісі бойынша – 17, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу ісі бойынша – 16 және басқа да түрлі қылмыстық істер бойынша 194 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Сандар сөйлегенде оқып отырып ойланасың, «Бұлар тек әшкере болғандары ғой. Қаншамасы халық ішінде қарашаға қызмет етумен қатар, қарақан қу басының құндылықтарын күйттеп, заң біткеннің белінен бір-ақ баса салып жүр ғой»,– дейсіз. Ойға «…Түркі халқы үшін түн ұйықтамадым. Күндіз отырмадым..» деп келетін Білге қаған ескерткішіндегі жазылған сөздер оралады. Елдік мүдде жолындағы жанкештілік қой, сол уақыттағы. Содан бері не өзгерді? Елдік те, елге еңбек ету де өзгермеді ғой, сол қалпы. Өзгерген адамның ниеті шығар. Қош, олар ар сотында да, заң сотында да жауапқа тартылды. Әрі қарай өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы орын алған қылмыстар бойынша көш бастаған облыстар мен қалалар жайлы жазайық. Ең көп қылмыстық іс тіркелген өңір – Шымкент қаласы. Жыл басынан бері 102 шымкенттік мемқызметкер заң бұзған. Ең сорақысы атаулы өңір бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қылмысқа баруы 2 есеге өскен. Өткен жылмен салыстырғандағы статистика осылай дейді. Екінші орынға – Алматы және Астана қалаларын жатқызуға болатындай. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 82 алматылық, 55 астаналық мемқызметкер мемлекеттік мүддеге бей-жай қарап, заң шеңберінен шыққан. 2022 жылмен салыстырғанда Алматыда – 1,2 пайыз, Астанада – 61,8 пайызға өсім бар. Үштікті Жетісу және Алматы облыстары қорытындылайды. Жетісулық 47, Алматы облысының 43 мемлекеттік қызметкері түрлі қылмыс жасаған. «Ең жақсы жағдай Ұлытау облысында»,– дейді мамандар. Біздің мемқызметкерлерді ұзақ жылдық бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметтен шектеу, дүние-мүлкін тәркілеу секілді заңдық нормалар аса қорқыта қоймайтын секілді. Алтын көрсе періште жолдан таядының кері. Айылын жимайтын бұларды не істемек керек? Халық арасында желдей ескен бір пікірді бұқара назарына ұсынайық. «Қытайда ұрлық жасағандардың қолын шабады екен. Мемлекет қаржысына қол салғандар мен елдік мүдде жолында салғырттық танытып, қызметтік антына адалдық танытпағандарды осылай жазалайық»,– деген сөздерді жиі естіп жүрміз ғой. Тіпті, кейбіреулер «Өлім жазасын енгізуіміз керек»,– деген пікірде. Мұны уақыт көрсетер. Бір білеріміз, адам жаралғалы бұл секілді ар алдында қолайсыз жайттар тыйылмай тұр. Қылмыс пен қоғам қатар ұғым. Ел ішінен басбұзар да, тезсіз де, тентек те табылар. Мемлекеттік қызметтің әдеп туралы кеңесін құрып мәселені құрықтаймыз дедік, ашықтық танытып қылмыстың алдын аламыз дедік, бірнеше басқарушы тараптарды бір-біріне бағынысты қылып басбұзарлардың бетін қайтарамыз дедік. Алайда, нәтиже көңіл қуантарлықтай емес. Түптеп келгенде, әркім өзіне жауап береді, санасына берсін деуден аса алмай отырмыз. Расында да, ұлтжандылық, отансүйгіштік, елге адалдық секілді түсініктер түйсікте жаңғырмаса, заң да, басқасы да кедергі емес. Сондықтан санасына берсін дейміз. «Балам өскенде әкім болады, министр болады, президент болады»,– деп отырған көп ата-ананың құлағына алтын сырға.

Ш.ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Работа Конституционной комиссии продолжается

В РАМКАХ ОЧЕРЕДНОГО ЗАСЕДАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ ПРЕДЛОЖЕНИЯ,...

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.

Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.