Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адам өмірінің алынбас бір бөлігіне айналды.

Елімізде сәби дүниеге келген күннен бастап, өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен жанасып отырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы болып табылады.

Жылдан жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны артып, 2022 жылы Қазақстан бойынша олардың саны 270 млн. жеткен.

Алайда, кей жағдайларда қызметалушылар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібімен немесе нәтижесімен келіспей жатқан жағдайлар орын алады.

Бұл ретте қызметалушыларға шағымдану жолдарын және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктерін білген абзал.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметалушылар шағымданатын 3 инстанция көзделген.

Бірінші инстанция ол мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның өзіне жодауға болады.

Бұл шағымдар келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Екінші инстанция мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына шағымдануға болады. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізілсе немесе қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

Аталғаннан бөлек, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабымен көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгіну құқығы көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Б. Узбеханов.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...