Мемлекеттік қызметтегі әдеп – қоғам сенімінің негізі

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру. Өйткені мемлекеттік қызметші өз қызметтік міндеттерін орындау барысында мемлекеттің атынан әрекет етеді және оның әрбір іс-әрекеті мемлекеттік органдардың беделіне, сондай-ақ азаматтардың билік институттарына деген сенім деңгейіне тікелей әсер етеді.

Мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттары қызметтік тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Әдеп талаптарын сақтау мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік қызметші өз қызметінде заңдылық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және ашықтық қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Сонымен қатар азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық танытып, қызметтік әдептің жоғары стандарттарын ұстануы қажет. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және қоғаммен сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Азаматтар мемлекеттік органдардың қызметіне көбінесе мемлекеттік қызметшілермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы баға береді. Сондықтан әрбір қызметкердің кәсіби этикасы, сөйлесу мәдениеті, өтініштерге жедел әрі сапалы жауап беруі халықтың мемлекеттік институттарға деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі саналады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта да жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы ерекше мәнге ие. Әлеуметтік желілердегі белсенділік, қоғамдық орындардағы мінез-құлық және азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл ретте, әдеп нормалары талаптарының бұзылуының алдын алу масатында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің әдеп жөніңдегі уәкілі Нұржан Узбехановпен Департамент қызметкерлері арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Департамент қызметкерлерімен кезекті кездесуде ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының директоры Айнұр Маратқызы да қатысты.

Түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің әдеп жөніңдегі уәкілі – Узбеханов Нұржан

Құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету...

Неправомерное завладение автомобилем

Одним из распространенных преступлений против собственности можно признать неправомерное...

В Казахстане запускают республиканский конкурс городской прозы «Қала хикаялары»

Министерство культуры и информации РК запускает новый республиканский литературный...

Қазақстанда «Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қала хикаялары» атты...

Жители Астаны, Алматы и Шымкента стали экономнее использовать воду

В городах республиканского значения, несмотря на рост численности населения,...