Қазақстанда «Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады. Проза жанрына арналған байқау қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталады. Байқауға қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

Әдеби байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады.

Жеңімпаздарды белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Қорытынды шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік шығармалардың авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Республикалық байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздарға мынадай сыйақылар белгіленген:
Бас жүлде – 100 мың АҚШ доллары;
I орын – 75 мың АҚШ доллары;
II орын – 50 мың АҚШ доллары;
III орын – 30 мың АҚШ доллары.

Байқау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қабылданады. Құжат Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мекенжайы бойынша өткізілуі қажет.

Байқауға қатысу шарттары туралы қосымша ақпаратты +7 (7172) 74 04 07 және +7 (7172) 74 04 08 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Строительство Almaty SuperSki набирает темпы, запуск курорта намечен на декабрь 2028 года

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по индексу...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында экскурсия ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесіне...

Строительство кластера Almaty SuperSki находится в активной фазе

Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров компании...

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы...

Пример беззаветного служения науке, закону и родной стране

Жизненный и профессиональный путь Еркеша Калиевича Нурпеисова, видного ученого-правоведа,...