Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян.
Егемен ел болып, етек женімізді жинаған жылдар ішінде заман өзгерді, дәлірек айтсақ заман түзелді, еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Соның нәтижесінде оған деген қамкорлық, қолдау күн санап күшейіп келеді.
Бірақ, тек тіл мемлекеттік мәртебе алумен іс бітпейтіні белгілі ғой. Тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл үйрету іс кағаздарын ана тілімізде жүргізу және тағы да басқа проблемалар алдан шықты. Қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық үдерісін қамтитын жұмыс тілі болуға тисті және мемлекеттік органдар мен ұйым, мекемелердің қолданыстағы басты тілі болуы керек. Мемлекеттік тіл мәселесі мемлекеттік деңгейдегі міндет ретінде ресми жане заңнамалық жағынан толық мойындалуы керек. Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі мемлекеттік жалпы міндет ретінде мемлекеттік органдарға талап коюы тиіс. Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде мемлекеттік тілге қолайлы орта мен мүмкіндік жасау керек. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біз ұрпактарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Осы маңызды мәселелені жүзеге асыру жолында еліміздің әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік мекеме мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту жолында атсалысуға міндетті.
Тіл — қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Маңғыстау облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы –
сот отырысының хатшысы
Ахибаев Ақниет Ерболұлы