Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы-ана тілі екені сөззсіз белгілі. Тіл-ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі. Біздің Ата Заңымызда «ҚР-ның мемлекеттік тілі –қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін-ресми тіл деп айтқан. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қарым қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға аян. Тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету-басты мақсат деп білер ем.
Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ұлтаралық, ортақ тілі.
Тілге құрмет – елге құрмет. Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.Тілді өркендету — баршаның ісі. Тіл — тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға бысты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болып, елдігіміздің нышаны болған тіліміздің туын жоғары ұстайық.
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдерге жағдай жасауға бағытталған. Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық халықты біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік – коммуникативтік міндеттерін кеңейту ел саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді.
Маңғыстау облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы
Р.Д.Айтмамбетова