Тіл тағдыры-тұтас ұлттың тағдыры. Ұлт ұстазы Ахаң-Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттын сақталуына да, себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзіде жоғалады»,- десе Мағжан Жұмабаев: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ», деген екен. Бір ғасыр бұрын айтылған алаш арыстарының бұл сөздер дәл бүгінгі заманның, да тамыр бүлкілін дәп басып тұрғандай.
Елбасының Жарлығына сәйкес, барлық орталықтар, жергілікті атқарушы және жоғарғы билік органдары. Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет іс-қағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру тиіс еді. Ата Заң-Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттін бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару сот ісін жүргізу және іс қағаздардын жүргізу тілі»,- Мемлекеттік тілдің арқылы халықтың сотқа деген сенімі сот билігінің беделі артады. Бүгінде сотқа «Талап арзы қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі» деген сөз біздің соттардың ұранына айналғандай. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабына сәйкес елімізде қылмыстық және азаматтық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Заңның басты қасиеті –оның басқа нормативті актілерден жоғары екендігінде және қалай оқылады, солай қолданылуға жататындығында.
Егер заңның мәтініне зер салсақ, мемлекетімізде сот ісі қазақ тілінде жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік тілмен бірге орыс, басқа да тілдер қолданылуы мүмкін. Ондада қажет болғанда ғана. Сондықтан, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмады. Құқықтық түрғыда сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу нормасы жоғары тұруы тиіс. Қазақстанда сот ісін жүргізу тілі қазақ тілінде деп нақты айту қажет. Қазақстан унитарлық «біртұтас» мемлекет. Ендеше сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу үшін ешқандай қысыр сөз, дау-дамай туындамауы керек. Сотісі мемлекеттік тілде жүргізіледі деген заңның басқаша түсіндіруге теріс қабылдауға тырыспайық. Мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдармен кәсіпорындардан сотқа жүгінгенде талап арыздар мемлекеттік тіл де емес, яғни дауласушы тараптардың басым бөлігі сотқа талап арыздарды орыс тілінде беруде. Мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, заңгерлердің басым көпшілігі арыздармен басқада ресми құжаттарды жазуды түрлі сұлтаулармен қазақ тілінен айналып өтуге тырысады. Заң қағидасына сүйене отырып мемлекеттік органдар мен мекемелерден басқа ұйымдармен кәсіпорындардан талап арызды сотқа мемлекеттік тілде тапсыруды сұрайтын уақыт жетті.
Қарағанды қаласының
Абдикаримова Б.М.
Әлихан Бөкейхан ауданының сотының бас маманы


