Мемлекеттік тілді дамыту 

Қазақ тілі –мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың, барлық салаларында қолдануы керек. Сондықтан барлығымыз қазақ тілін тиісті деңгейде меңгеруге ұмтылуымыз қажет. Рухани жаңғыру аясында мемлекеттік тіл мәселесіне үлкен мән берілген болатын. Менің ойымша, рухани жаңғыру әрбір азаматтың өзінен басталуы керек.

 Қазіргі  таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби мамандар даярлау болып табылады. Мамандандырылған жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту — тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және жеке қарым-қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту мақсатын көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейіп, іс қағаздары, бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуіне байланысты атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады. 

Басты мақсат — тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Тіл халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш, ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн болар.

Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді қолдану әрбір қызметкердің басты міндеті болып табылады. Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу Конституциямыздың талабы және соттарда мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың, сот актілерінің сапасына жоғары талап қойылуы, мемлекеттік тілдің одан әрі кеңінен қолданылуын кеңейту сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік тілді ұлттың ұйытқысына айналдыру өз қолымызда. Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі ҚР-ның заңдарымен белгіленеді. Тіл саясаттың жүзеге асырылуына ұдайы назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа мүмкіндіктерді айқындау-жауапты мәселе. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де зор мақсат. Мемлекеттік тілді сот жүйесінде қолдануға әрбір қызметкердің азаматтық, моральдық жауапкершілігі, яғни осы саладағы әрбір қызметкер өз деңгейінде үлес қосуы қажет.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. Қазіргі таңда ел судьялары мен сот қызметкерлері екі тілді де жетік меңгерген. Сот саласында мемлекеттік тілді жандандыруға барлық уақытта қатаң талаптар қойылған. Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдар қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы  әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда.

                                                                Мұғалжар аудандық сот әкімшісінің бастығы А.Т.Иманбекова

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...