Мемлекеттік тілді білу, құрметтеу -міндет

Сот жүйесінде  іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы     заңнама талабы біз еңбек ететін Алакөл аудандық №2 сотында толық орындалуда.   Таза қазақ тілінде  сөйлеп, жазуға қалыптасқанбыз.Сотқа  талап арыз мемлекеттік тілде түссе іс қағаздары толығымен қазақ тілінде жүргізіледі.   Тілді шұбарлауға жол берілмейді.

Қазақ тілін жетік меңгергенімнің  пайдасын өмірде  ғана емес қызмет бабында көріп жүрмін. Келіп түсетін арыздармен бірге тігілген қосымша материалдармен танысып отырып, сөйлем құрау, сөз, әріп қатесін айқын көремін.Бұл дегеніміз, жұмыс бабында пайдасын тигізетін құндылық. Көп жағдайда олқылыққа жол бермеу үшін мемлекеттік тілді жақсы меңгерген дұрыс.Рас біз тұрып, еңбек ететін Алакөл ауданында орыс ұлты баршылық. Олар да  қазақ тілін толық түсініп, еркін сөйлейді.Қандай да себеппен сотқа арыз түсіргенде ресми тілде, кейде аралас тілде жазып жатады. Біз оған түсіністікпен қарап, граматикалық қателерін, түзеттіріп, мағынасын бұзбай арыздарын қабылдайтын кездеріміз болады. Мұны мемлекеттік тілге көрсетілген құрмет ретінде санап, тұрғындар алғыстарын айтып жатады. Тұтастай алғанда, аудан тұрғындары конституциялық құқықтары бұзылмай, қорғалуда.Күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста қазақ тілінде таза сөйлеуді біз сот жүйесі мамандары дұрыс жолға қоя білдік. Ауыз екі тілдегі тазалық іс қағаздарын толтырғанда жақсы пайдасын тигізеді. Нәтижесінде тіл шұбарланбайды. Граматикалық қате де жіберілмейді.Қызметтестерімнің мерзімдік басылымдарға жіберетін материалдарын оқып отырып осындай ой түйдім.Сондықтан әркім өз міндетін мінсіз атқаратындығы сол жазбаларынан да анық көрініп тұрады.

Қорыта айтқанда, «Бұлақ басынан тұнады» деп қазақ бекер айтпаған.Сот жүйесіндегі іс қағаздарын толтырудың өзіндік ерекшеліктері біздің ұжымда дұрыс жолға қойылған. Реттілік, талапшылдық берік орын алған жерде сауаттылық та сақталатыны анық.

 Қарлығаш Саидуллина,

Алакөл ауданының № 2 аудандықсотының жетекші маманы

Юридический факультет КазНУ как платформа для развития правовых инноваций

Казахский национальный университет имени аль-Фараби — это признанный флагман...

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің негізі...

Кассациялық соттардың құрылуы: құқық үстемдігін нығайтудың жаңа кезеңі

        Сот жүйесін жетілдіру – құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің...

Электронды атқару құжаттарын жіберу тәртібі және олардың тиімділігі

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты адамдар арасындағы байланыс...

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...