Мемлекеттік тілді білу – азаматтық парыз

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілінің айқын басымдылыққа ие болып келе жатқанын байқап отырмыз. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген болатын.

Мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясының кеңейіп келе жатқанына дәлел ресми іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізіліп, жастардың қазақ тілінде сөйлеуге құлшысының артып келе жатқаны. Осы орайда атап өтер жайт, дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана «мемлекеттік» деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына еніп отыр. Қазақстанда 130 – дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» дәлел бола алады. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бас­тап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолданып келеді. Бүгінде қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондықтан тілімізді мақтанышпен қолдана аламыз.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз керек. Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану аясын кеңейту үнемі маңызды мәселелердің бірі болып қаралуы тиіс.

Г.Р. Колбаева, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері...

Әкімшілік әділет – «Еститін мемлекет» идеясының жарқын мысалы

Түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атамыздың: «Өткен...

Административная юстиция – яркий пример идеи «Слышащего государства»

2021 году правовой сфере Казахстана появился и начал функционировать...

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізудің артықшылықтары

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі: сот оңайлатылған (жазбаша) іс...