12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу сапасы артуда


Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тұғырын нығайту еліміздің әрбір
азаматына үлкен міндет жүктейді. Себебі, тіл мемлекеттіктің ең басты белгісі
саналады. Сондықтан, оның өсіп-өркендеуіне барлық сала мамандары, жалпы
халық болып атсалысу тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
тарапынан осы мақсатта атқарылып жатқан іс шаралар бүгінде нәтижесін
көрсетуде.

Қазіргі таңда республика соттарының іс қағаздары мемлекеттік
тілге толықтай көшкен. Барлық құжат мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Алайда, сот құжаттарын қазақша жүргізуімен ғана мемлекеттік тілдің
мәселесі шешілмейтінін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Олай дейтініміз,
соттарда қазақ тілінде қаралатын істердің аздығын статистикалық
мәліметтер растайды.
Тіл туралы заңның 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот iсi
мемлекеттiк тiлде жүргiзiледі, ал, қажет болған жағдайда, орыс немесе басқа
тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады» деп көрсетілсе, 4-бабында
«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын
мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
парызы» деп міндеттелген. Өкінішке қарай, азаматтардың басым көпшілігі
13-бапқа сүйеніп, заңмен міндеттелген парыздарын ұмытып кетеді. Ел
азаматтары қоғамымыздың қай саласында болмасын тілдің дамуына
мүдделелік танытқанда ғана тіл мәселесі өзінен-өзі шешіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот төрелігін атқарудағы тіл
қолданысына жіті көңіл бөлуде. Бұл ретте сот процестерін біртіндеп қазақ
тіліне көшіру қажеттігі жайлы бастама көтеріліп, сот актілерінің сапасына
қойылатын талаптар күшейтілді. Бұған қатысты арнайы нормативтік
қаулылар қабылданды. Мемлекеттік тілдегі сот актілеріне мониторинг
жүргізіледі.
Сонымен қатар, соттарда сот ісін жүргізу тілінің қағидаттары мен
мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, сотқа дейінгі материалдар мен істерді
дайындауда тіл заңдылығын сақтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын
кеңейту сынды өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел, семинар, т.б. түрлі
іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, сот
кеңселеріндегі қарым-қатынас тілі толығымен мемлекеттік тілге
ауыстырылған. Бұл жағдайлар азаматтар сотқа тек мемлекеттік тілде
жүгінгенде ғана сот өндірісін толықтай қазақ тіліне көшіруге қол жеткізу
мүмкіндігі туатынын көрсетеді.
Тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер етіп
қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор екенін
Мұхтар Әуезов «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына
қосылмайды» деген сөзімен аңғартады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған
жолдауында айтқандай, «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі
күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді». Ол кезеңге өту
барша қазақстандықтан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Индира Кумысбаева,
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты
Әкімшісінің басшысы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...