Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық

        Мемлекттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен Тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ,  рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандылығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.  

        «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде  мерекеленеді.

         Мемлекттік рәміздер – мемлекеттік мызғымас негіздерінің бірі.  Азаматтар патриотизмінің  көрінісі, бүкіл қоғамды біріктіретін факторы,  кез келген ұлт пен мемлекеттің  болмысын қалыптастырудың құрамдас бөлігі.

         Отанды қастерлеу, туған елге деген шынайы құрмет – Мемлекеттік рәміздерді қадірлеуден басталады. Ата Заңымыздың 34-бабында: «Әркім Республиканың мемлекеттік рәмізін құрметтеуге міндетті» деп жазылған. Өйткені, олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылығымыз.         Бір сөзбен айтқанда, ұлтымыздың рухани құндылықтарын қадірлеу – мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен, оны мәртебе тұтудан  басталады.            

       Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – елге, жерге, Отанға деген құрмет.  Осыны еліміздің әрбір азаматы сезінуі тиіс.

 Ахтанов Марат, ТО Әділет департаменті   әкімшілік бөлімінің басшысы

                                                                                        

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...