Бүгін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдепті ұстану мәселелеріне арналған жиын өткізілді.
Аталған мемлекеттік органда бүгінгі күні 1113 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды, бұл дегеніміз қаладағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 26% құрайды.
Сондықтан мемлекеттік органдағы заңдылық пен қызметтік әдеп стандарттарының бұлжытпай сақталуы өзекті болып отыр. Өйткені, мемлекеттік органның қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысы бұл салада біршама кемшіліктердің бар екенін көрсетті.
Мәселен, өткен жылы Әуезов, Түрксіб, Алатау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында қызметкерлер арасында автокөлікті масаң күйде басқару фактілері орын алған. Қолданылған шаралардың негізінде 2 қызметкерге «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылса, 1 қызметкер жұмыстан шығарылған.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаментінің 1 қызметкері жұмысына масаң күйде келгені анықталып, «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған.
Өткен жылдан бері аталған мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген қызметкерлердің
Аталған заң бұзушылықтардың орын алуының басты себебі мемлекеттік органдағы Әдеп жөніндегі уәкілімен тиісті деңгейде қызметкерлер арасында профилактикалық шаралардың өткізілмеуі деп пайымдаймыз.
Жиын барысында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына да баса назар аудару қажеттігі айтылды. Себебі, аталған мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы фактілері орын алған болатын.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Департаметпен мемлекеттік органның басшылығына алдағы уақытта заң бұзушылыққа жол бермеу бағытында пәрменді шаралар қабылдау жөнінде нақты ұсынымдар берді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша
департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкілі
С.Умбеталиев


