Мемлекеттік басқару Академиясында мемлекеттік қызметшілер Наурыз тойын атап өтті

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалында «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Наурыз думанға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің, Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің және филиалдың оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Сондай ақ, мерекелік іс-шараға қызметкерлердің балалалары арнайы шақырылды.
Наурыз тойында мемлекеттік қызметшілер мен жас бүлдіршіндер арасында қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы дәріптеліп, ұлттық құндылықтар насихатталды.

Қызметкерлер ортаға өз өнерлерін салды, ән айтылды, би биленді, қазақтың күйлері шертілді.
Сонымен бірге, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Беташар» және «»Тұсау кесер» салты өткізілді. Наурыз мейрамының басты тағамы – Наурыз көже таратылып, мерекелік дастархан жайылды.

Ақсақалдар баталарын беріп, жас бүлдіршіндер мен келген қонақтар бір-бірімен көрісті.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...