Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Арал аудандық пробация қызметінің қызметкерлері  мен аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары Шижаға ауылындағы №57 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудегі мақсат: кәмелет жасқа толмаған жастардың  құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Кездесу барысында ювеналды полиция инспекторлары мен пробация қызметкерлері  тарапынан мектеп оқушыларына құқықбұзушылықты алдын алу және кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды. Бос уақытты тиімді өткізуге, кешкілік уақытта бей-берекет далада жүрмей тәртіп сақтауға шақырды. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ойланбай істеген әрекеттері үшін ата-аналары жаза немесе айыппұл арқалайтынын да айтылды.

Кездесу соңында  оқушылар  құқық қорғау қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды. Бұндай  кездесулерді жиі өткізу, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға оң ықпалын тигізетінін анық.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...