12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мектеп медиациясы негіздері. Медиация жанжалдарды реттеу әдісі»

Атырау облысы, Білім беру басқармасы және Атырау облысы Әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джылкышиева Ляззат Кеңесқызының ұйымдастыруымен «Мектеп медиациясы негіздері. Медиация жанжалдарды реттеу әдісі» тақырыбында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің және қоғамдық медиаторлардың қатысуымен 27-30 наурыз аралығында шеберлік сабақтары өткізілді.

   Шеберлік сабақтарын жаттықтырушы – медиатор «Республикалық медиаторлар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрбала Алтынқанқызы Оразқұлова «Мектептегі калпына келтіру медиациясының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері». «Жас медиатор» еңбектерін негізге ала отырып өткізді. Сонымен қатар қатысушыларға мектеп медиациясының қыр-сырын түсіндіріп, туындаған сұрақтарға жауап беріп, дау-жанжалдарды талқылап, нәтижелерге тиімді қол жеткізу жолдары қарастырылды. Жаттықтырушы – медиатор мектептегі медиация қызметінің жұмыстарымен және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар бойынша  заңнамалармен таныстырып өтті. Сабаққа қатысушылар арасында туындаған сауалдарға жауап бере отырып, мектеп медиациясы аясында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   Шеберлік сабағының модераторлары Қазақстан Халқы Ассамблеясының медиация кабинетінің бас сарапшылары Мусагалиева Кенжегүл Ерғалиқызы мен Тулегенова Нэлли Ибрайқызы жұмыс атқарды. Өз кезегінде туындаған сұрақтарға барынша түсінікті етіп жауап беруге тырысты.

   Белсенді қатысқан ұстаздар еңбек жолында кездескен оқиғаларымен бөлісіп, мектептегі жиі кездесетін дау-жанжалдарды атап өтті. Осы тұрғыда ең алдымен қандай әрекеттерге бару туралы да сұрақтарын қойды. Қатысушылар теориялық мәліметтермен қатар, тәжірибе жүзінде де алған білімдерін сынап көрді: арнайы жағдаяттық тапсырмалар орындап, дауласқан екі тарапты татуластыруға тырысты. Татуластыру үшін бірнеше мысалдар мен жағдайларды тілге тиек етті. Осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында мектеп медиациясы сұранысқа ие болатынын тағы да дәлелдей түсті.

   Шеберлік сабағының бірінші күні түске дейін Атырау қаласына қарасты ауылдық округ мектептері арасында №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде өтсе, түстен кейін №18 Х.Доспанова атындағы орта мектепте жалғасын тауып, қала мектептерін қамтыды.

  Айта кетейік, шеберлік сабағы №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп, Махамбет ауданы, «Жалғансай» орта мектебі, С.Мұқанов атындағы №10, М.Отаралиев атындағы орта мектептерінде 30 наурызға дейін жалғасты. Аталған шараға жоғарыда жазылған мектеп мұғалімдері, психологтар және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

  Мектеп ұжымдарында қақтығыстар мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсініспеушілік, бөлек көзқарастарының, қызығушылықтарының айырмашылығынан туындап, әлеуметтік нормаларын бұзу, адамның жеке психологиялық сипаттамаларын түсінбеуі, кейде бірге жұмыс істейтін қызметкерлердің психологиялық тұрғысынан сәйкес келмеуі де себеп болатындары айтылды. Ал мектеп – бұл білім ордасы, шағын қоғам және балалардың мектеп аумағындағы өз құрбыластастарымен және қоршаған ортасында қарым-қатынас жасауды қалай үйретуі мен үйренуі ата-ана мен мектеп ұжымына байланысты. Үнемі ұдайы қадағалап отырса, нәтиже болатыны сөзсіз.

   Шеберлік сабақтарында қатысушылар қазіргі кезеңде мектептерде орын алған оқушылармен мұғалімдердің арасындағы мектеп формасына қатысты түсініспеушіліктер, тәртіп бұзушылықтар талқыланды, оқушылар арасында нашар оқитын және үздік оқушылардың арасындағы келіспеушіліктер, оқушылардың сабаққа жүйелі түрде қатыспай бос жүруіне байланысты жағдайлар орын алуы, оқушылардың агрессивті мінез-құлықтарының себептері талқыланды.  Бұл жанжалдардың себебі неде? Одан шығудың жолдары қандай? — деген сынды бірқатар сұрақтар қойылды.

   Заманауи мектеп – бұл әртүрлі жастағы, әртүрлі көзқарастағы, өмірлік тәжірибедегі, мәдениет пен білім деңгейіндегі, мінез-құлық ерекшеліктері мен ұлттық салт-дәстүрлердің өзара әрекеттесетін кеңістігі. Дау-дамайдағы сыртқы себептерінің (мектеп формасына қатысты тәртіп бұзушылық, нашар оқитын және үздік оқушылардың арасындағы келіспеушіліктер, сабаққа жүйелі түрде қатыспай бос жүру, агрессивті мінез құлық ) астарында әрқашан күрделі «ішкі қажеттілік» (реніш, кешіре алмау, өзін-өзі бағалау, қорлау сезімі) тұратыны анықталды. Сыртқы қарама-қайшылықты, тәртіп бұзушылықтарды іштей шешпей жою, әдетте, шиеленісті сәтті шешу үшін жеткіліксіз, сондықтанда мұғалімдер практикалық ойындарда көрсеткендей  келеңсіз жағдайлар туындағанда оқушыларды мектептен оқшауландыруды мақсат етпей «ішкі қажеттіліктерін» зерттеу арқылы жұмыс жасау керектігі айтылды. Осылайша, мектеп медиациясы өмірлік маңызды мәселелерді шешуге оң әсерін тигізді. Мектептегі қауіпсіздік — бұл ата-аналарға өз балалары үшін уайымсыз, ешқандай қауіп төндірмейтініне сенімді болуы.

    Адамдарда қақтығыс туралы ойлаған кезде көбінесе агрессиямен, қауіп қатермен, дау-дамаймен, дұшпандықпен, қақтығыс әрқашан жағымсыз құбылысқа айналуы мүмкін деген пікір қалыптасқан, жанжалдарды конструктивті жолдармен реттеуге мүмкіншіліктер шеберлік сағаттарында қарастырылды.

    Жанжалдар ынтымақтастық пен келісім бар жерде де орын алуы мүмкін, қақтығыстар әрқашан оң бола бермейді, бірақ мұғалім оны қолайлы болатындай етіп өзгерте алады. Сондықтанда мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар үшін жанжалды зерттеу ерекше маңызды болады. Педагогикалық ұжымда туындайтын мәселелерді тиімді шешу үшін оның әр мүшесі жанжал жағдайындағы мінез-құлықтың теориялық білімі мен практикалық дағдыларының қажетті деңгейін, сондай-ақ жанжалдардың себептері мен оларды шешу құралдары мен жолдарын білуі керектігіне тоқтадық, нәтижелерді талдап ықпал ету жолдары қарастырылды.

  Мектеп медиациясы бойынша білім алған педагогтар мен психологтардың жетекшілігімен «Жас медиаторлар» топтары бала мен жасөспірімдердің қажеттіліктерін қадағалап, қарым-қатынас дағдыларын және оларды іс жүзінде қалай қолдану керектігін үйрете алады.

    Мектептерде жанжалдардың алдын алу жастардың қабілеттері мен таланттарын анықтауға мүмкіндік беру, мысалы жастар қозғалыстарын, әлеуметтік жобалар және тағы да басқа жастар секциялары мен клубтарын ұйымдастыру, әркім өзін жеке де, ұжымда да көрсете алатын ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттер жүйесін ойластыру болып табылады.

   Мектеп медиациясы баланың мәселелерімен тығыз айналысуға мүмкіндік береді, өйткені ол жеке тұлғаның қажеттіліктерін назар орталығына қояды, мектеп медиациясының «барлық дерттің емі» бола алмайтынын білу қажет. Оны білім беру жүйесіне енгізудің әсері барлық әлеуметтік институттар өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз «тұрғын ортаны» құруға күш-жігерін біріктіргенде ғана толық көрініс табады. Ал мектеп медиациясының әдісі – бұл мақсатқа жетудің жақсы құралы болып табылады.

   Нурбала Алтынқанқызы Оразқұлова, Жаттықтырушы – медиатор

«Республикалық медиаторлар Қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Мост к зеленому будущему

В столице Казахстана стартовала работа первого экохаба, который обещает...

Татуластыру рәсімдері

Қоғамдық өмірде адамдар арасында түрлі дау-жанжалдар, түсінбеушіліктер мен қайшылықтарды...

170 дворов и общественных пространств благоустроят в Астане

Аким Астаны Женис Касымбек на своей странице в Instagram рассказал о...

Фактор стабилизации цен

Во исполнение поручений Главы государства вицепремьер – министр национальной...