Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мамандары №56 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында А.Шекенова мен К.Қувандикова оқушыларға мемлекеттік қызметтің бағыттарын түсіндіріп, Әдеп кодексінің негізгі талаптарына тоқталды.
Сонымен қатар түлектерге мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жұмысы туралы айтып, мемлекеттік қызметте, оның ішінде сот саласында қызмет атқаруға қызығушылықтарын арттыруға ықпалын тигізді.

Шара соңында мамандар оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының баспасөз қызметі


